Өткен жылы «Каспий Құбыр желісі Консорциумы-Р» (КҚК) өз қызметін бірнеше рет уақытша тоқтатты. Бұл құбыр желісімен қазақстандық мұнайдың басым бөлігі (шамамен 80%) тасымалданатыны белгілі. Нәтижесінде бұл тау-кен өндірісі өнеркәсібінің қызметіне кері әсер етті. Оның жалпы қосылған құны (ЖҚҚ) 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1%-ға төмендеді.
Таяуда ағымдағы жылдың 19 ақпанынан 22 ақпанына дейін КҚК теңіз терминалында мұнай жөнелту жұмысы тағы да уақытша тоқтатылғаны туралы медиа кеңістікте ақпарат тарады. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК Теңіз мұнай кен орнынан мұнай қабылдауды уақытша тоқтатқаны туралы да ақпарат пайда болды.
Біздің пікірімізше «КҚК факторы» қазір Қазақстан экономикасын одан әрі дамыту жолында тұрақты және болжап болмайтын үлкен де қауіпті тәуекелге айналды. Еліміз осы мұнай-газ секторына тым тәуелді екені белгілі. Үкімет пен ҚазМұнайГаздың бұған дейін Баку-Тбилиси-Жейхан жаңа мұнай желісінің көмегімен мұнай экспортын әртараптандыру туралы жариялаған жоспарын Түркиядағы қасіретті оқиғалардан кейін жүзеге асыру мүмкін болмай қалды десе де болады.
Осылайша Қазақстан экономикасының дамуына қатысты макроэкономикалық болжамымызды жасау барысында пессимистік сценарийді де қарастырдық. Онда экономиканың шикізаттық секторы ескерілді. Айталық, біздің нақты ЖІӨ-ге қатысты болжамымыз пессимистік сценарий бойынша 2.4%-ды құрайды. Бұл бұған дейін жарияланған 3.8-4.3%-дық ауқымнан айтарлықтай төмен.