Нақты секторда өсім 3.3%-ды құрады (құлдырау – 0.1 п.т.), қызмет көрсету саласында өсім – 2.3% (құлдырау – 0.2%). Сонымен қатар оң өсім экономиканың мына салаларында байқалды: құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және жинап қою, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы.
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында өндіріс көлемі 4.8%-ға өсті. Өсудің негізгі драйверлері, яғни қозғаушы күштері мына салалар:
- темекі бұйымдары өндірісі (15.4%),
- химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру (11.8%),
- машина жасау (7.9%), оның ішінде автомобильдер, тіркеме және жартылай тіркеме (18.2%),
- сусындар өндірісі (7.5%).
Сегіз айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның өсімі 5.7%-ды құрады. Оның ішінде білім беру саласына бағытталған инвестицияның үлесі – 59%-ға, сауда – 22%-ға, қаржы-сақтандыру секторы – 20%-ға және құрылыс бойынша 15.7%-ға жетті. Өңірлік тұрғыда жоғары көрсеткіштер Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Сыртқы нарықта да оң серпін байқалды. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде сыртқы сауда айналымы 74.3 млрд долларды құрады (өсім – 37%): экспорт – 49 млрд, импорт – 25.3 млрд. Осы ретте өңделген тауарлардың экспорты 14.3 млрд долларға дейін өсті (өсім – 35.7%). Сауда балансы 23.6 млрд доллар болды.