Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 11 айы)

2022 жылдың 11 айы ішінде ҚЭИ біртіндеп қалпына келіп, 3.2%-ды құрады.

Бұл жерде қызмет көрсету өндірісі секторында өсу қарқыны қалпына келе бастаса, тауарлар секторында өсу қарқыны бәсеңдеп жатыр. Құрылыс пен өнеркәсіп секторларында әлі де салқындық байқалады. Сауда саласы болса қалпына келе бастады. Бұл жақсы нышан. Ал ауыл шаруашылығы мен байланыста өсім тұрақты сипатта.

Өнеркәсіп секторы тұралап жатыр: тау-кен өндіру саласы сәл жақсарғаны болмаса әлі де теріс аймақта (10 ай ішінде -1%-дан қазір -0.9%-ға дейін). Өңдеуші саланың өсімі 4.3%-дан 4.2%-ға төмендеді. Өндіру саласының да мәселесі жетіп артылады: шикі мұнай өндіру (-2.2%), табиғи газ (-1.4%), темір кені (-20.2%) және басқа да пайдалы қазбалар (-8.9%). Өңдеуші сектор темекі бұйымдары өндірісі (12.7%-дан 9.8%-ға дейін), жеңіл (7.8%-дан 6.9%-ға дейін) және металлургия өнеркәсібі өсімінің (4.4%-дан 3.9%-ға дейін) бәсеңдеуі себебінен аздап төмендеп жатыр.
 
Құрылыс саласында өсу қарқынының суына бастауына тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар мен құрылысжайлар құрылысы өсімінің төмендеуі себеп болды.

Бұл ретте сауда секторы жоғары қарқынмен өсті. Мұнда бөлшек сауда 1.4%-дан 2.0%-ға, ал көтерме сауда 5.3%-дан 6.0%-ға жоғарылады. Алайда азық-түлік тауарлары саудасының өсімі керісінше төмендеп жатыр. Бұған, біздің пікірімізше инфляцияның және халықтың сатып алу қабілетінің өсуі себеп болуда (қарашада азық-түлік инфляциясы +24.1%).

Қызмет көрсету секторында көлік және қоймалау саласы бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған жүк тасымалдау көлемінің 3.1%-ға және жүк айналымының өсу қарқынының 1.8%-ға төмендеуі себеп болды.
 
Ауыл шаруашылығы биыл астық түсімінің жақсы болуының арқасында 8.5%-ға өсті. Ал телекоммуникация мен байланыс нарығында өсім +7.6%-ды құрады: Алматы мен Астанада интернет қызметі қымбаттап жатыр.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Опережающий индикатор экономики (11 месяцев 2022) Опережающий индикатор экономики (11 месяцев 2022)
Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 11 айы) Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 11 айы)
Leading indicator of economy (11 months 2022) Leading indicator of economy (11 months 2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023