Қазыналық саясатқа шолу (2022 1 жартыжылдық)

Негізгі тұжырымдар

 

Энергия тасымалдаушылардың бағасының өскендігінің арқасында салықтық түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға өстіБюджет табысының төрттен бірін Ұлттық қордан түсетін трансферттер құрайды. Олар алғашқы жартыжылдықта 15%-ға өсті
Ұлттық қорға түсетін салықтық түсімдер бойынша жоспардың орындалуы бірінші жартыжылдықта 79.3%-ды құрадыТабыстардың ең көп өскендігі Алматы мен Шымкентте және Атырау облысында тіркелді. Шығынның ең көп өскендігі Алматы облысында және Алматы мен Елордада байқалды
Жергілікті бюджетке түсетін трансферттердің үлесі орта есеппен табыстардың жартысын құрайды. Жекелеген облыстарда үлес 70%-дан асадыШығыстардың негізгі бөлігі білім саласына, әлеуметтік көмекке және қамсыздандыруға жұмсалады. Қорғанысқа бөлінетін шығыстың да өскендігі байқалады
Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп жатыр. Қарызға қызмет көрсетуге мемлекеттік бюджеттен 725.2 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылдардың көрсеткішінен айтарлықтай жоғарыРесей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс салдарынан қалыптасқан саяси және экономикалық ахуал, монетарлық шарттардың ғаламдық сипатта қатаңдатылуы Қазақстанның бюджет-салық саясатына кері әсер етіп жатыр және бұл бюджетті жиі-жиі қайта қарауға мәжбүрлеуде
Мұнайгаз секторына тым тәуелділік – Қазақстан бюджеті үшін үлкен қауіп-қатер болып отыр. Қазіргі қолданыстағы көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар бюджеттің шығыстық бөлігі өсе түсетіндігін растай түседіИнфляция бойынша сыртқы қатерлер мен бағалар тарапынан қысым күшейіп жатқан шақта Үкіметке бюджеттік жоспарлаудың қарсы циклдік саясатына өтуді  кейінге қалдыруға болмайды

Тәуекелдер мен келешектер

Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс және монетарлық талаптардың ғаламдық сипатта қатаңдатылуы себебінен қалыптасқан саяси және экономикалық ахуал елдің салық-бюджеттік саясатына кері әсер етеді және бюджетті үнемі қайта қарауға мәжбүрлейді.

Үкімет әр жолы Ұлттық қордан түсетін кепілдендірілген трансферттердің көлемін арттырып, бюджетке қолдау көрсетеді. Ал мұнайға қатысты емес тапшылық барған сайын өсіп жатыр. Бұл экономиканың тұрақсыздығына әкеп соғады және салық-бюджеттік тұрақтылықты сақтауға айтарлықтай тәуекелдер бар екенін көрсетеді.

Біздің пікірімізше Қазақстанның бюджетіне келер негізгі қауіп-қатер, тәуекел – ол мұнайгаз секторына деген үлкен тәуелділік болып қала бермек.

Бюджеттің ағымдағы профициті энергия тасымалдаушылар бағасының өсуі нәтижесінде қалыптасады.

Бұл ретте қазіргі қолданыстағы көптеген мемлекеттік бағдарламалар бюджеттің шығыстық бөлігінің одан әрі өсе беретіндігін білдіреді. Ал бюджет қаражатының қалай үлестіріліп, қалай жұмсалып жатқаны сұрақтар туғызады.

Осылайша инфляция бойынша сыртқы қауіп-қатерлер мен бағалар тарапынан қысымдар көрсетіліп жатқан жағдайда Үкіметке бюджеттік жоспарлаудың қарсы циклдік саясатына өтуді кейінге қалдырмағаны жөн.


 

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Обзор фискальной политики (1 полугодие 2022) Обзор фискальной политики (1 полугодие 2022)
Қазыналық саясатқа шолу (2022 1 жартыжылдық) Қазыналық саясатқа шолу (2022 1 жартыжылдық)
A Review of Fiscal Policy (1 half-year 2022) A Review of Fiscal Policy (1 half-year 2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023