ХВҚ 2023 жылға арналған болжамдарды қайта қарады

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) талдаушылары осы жылға арналған болжамдарын жаңартты. Олардың айтуынша ғаламдық экономиканың өсу қарқыны соған қатысты бұған дейінгі болжамға қарағанда жылдамырақ, бірақ өткен он жылдыққа қарағанда баяу жүретін болады.

Осылайша ХВҚ бұрынғы болжамдарын 0.2 п.т.-қа көтерді. Сөйтіп, енді 2023 жылы әлемдік экономика 2.9%-ға өседі, деп болжап отыр. Себебі инфляция төмендеуде және Қытай COVID-19-ға қатысты төзбестік саясатынан бас тартыпты.

«Болжамдарды жақсартуға өткен жылдың үшінші тоқсанында экономиканың мығымдылық танытқаны негіз болды. Ал бұған еңбек нарығының мықтылығы, үй шаруашылықтарының тұрақты тұтынысы, бизнеске қаражаттың жеткілікті жұмсалуы және Еуропаның энргетикалық дағдарысқа әлдеқайда жақсы бейімделгені арқасында қол жеткізілді», делінген ХВҚ талдаушыларының есебінде.

ХВҚ деректері бойынша «Украинадағы соғыс өрті ғаламдық тұрақтылыққа қатты қауіп төндіріп тұр. Ол энергетикалық және азық-түлік нарықтарын тұрақсыздандырып, әлемдік экономиканы одан бетер бөлшектеп тастауы мүмкін». Тағы бір фактор – пайыздық мөлшерлемелерді көтеру. Орталық банктер солардың көмегімен инфляцияны ауыздықтауға күш салып жатыр.

Негізгі халықаралық қаржы институттарының болжамдары бар кестелерді жаңарттық: https://jusananalytics.kz/kz/forecasts/

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023