Монетарлық шарттар (2022 қазан)

Монетарлық шарттар индексі (RMCI) ақша-несие саясатының (АНС) шарттарын бағалау және талдау, сондай-ақ кейіннен монетарлық шешімдер қабылдау үшін қолданылады

Монетарлық шарттар индексінің (RMCI) серпіні отандық экономикада ақша-несие шарттарының шамасы өзгергендігін білдіреді. Қазан айында ақша-несие шарттары бұған дейінгі үш аймен салыстырғанда қатаңдатыла түсті. Сәйкесінше индекстің мәні ынталандырушы аймақтан бейтарап ақша-несие шарттарына өту жағдайына сәйкес келеді.   

Монетарлық шарттардың құраушы индексі инфляциялық үдерістер мен экономикалық келешекке әр түрлі бағытта ықпал етеді. Айталық, пайыздық мөлшерлеменің құрамдауыш бөлігі іскерлік белсенділіктің өсуіне оң әсер етеді, ал айырбас бағамының құрамдауыш бөлігі керісінше қатаң шарттар қалыптастырады. Ол экономикалық өсім мен инфляцияны бәсеңдететін жиынтық сұранысты тежейді.

Қазан айының қорытындысы бойынша пайыздық мөлшерлемелер экономикалық агенттердің тұтыну және инвестициялық жоспарларын шектеу үшін жеткілікті дәрежеде жоғары болған жоқ. Нәтижесінде нақты пайыздық мөлшерлемелер тұрғысынан алып қарағанда экономикалық өсім мен инфляцияны ынталандырушы қысым өткен кезеңге қарағанда арта түсті.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Монетарные условия (октябрь 2022) Монетарные условия (октябрь 2022)
Монетарлық шарттар (2022 қазан) Монетарлық шарттар (2022 қазан)
Monetary conditions (October 2022) Monetary conditions (October 2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023