2022 жылғы желтоқсанда ақша-несие саясаты біршама қатаңдатылып, дезинфляциялық сипатқа ие бола бастады. Бұл бір мезгілде НТАБ-тың өзінің әлеуетінен жоғары деңгейде қалыптасуымен және нақты пайыздық мөлшерлемеде теріс алшақтықтың қысқаруымен бірге орын алды. RMCI индексінің мәні тежеуші монетарлық шарттар аймағында орналасқан. Бұл ретте ол бейтарап аймаққа жақын. Қаралып жатқан аймақта НТАБ мәні 2022 жылдың қарашасындағы деңгейінде қалды. Бұған сауда шарттарының қолайлы болғандығы септігін тигізді.
НТАБ-тың 2022 жылдың соңғы 5 айы ішінде нығаю үрдісі қазақстандық өндірушілердің шетел нарықтарында баға жағынан бәсекеге қабілеттілігін іргелі түрде тежеуі тиіс. Алайда геосаяси шиеленістерге байланысты жекелеген тауар нарықтарында тапшылықтың оқтын-оқтын пайда болуы Қазақстанның экспорттық түсіміне түсетін жағымсыз ықпалды төмендетеді. Индекстің бағамдық құрылымында оң алшақтықтың аздап қысқаруы оң үрдіс болып саналады. Өйткені бұл дерек НТАБ мәнінің шартталған іргелі тепе-теңдік мәніне қарай түзетіліп жатқандығына сәйкес келеді. Өйткені ол айтарлықтай қайта бағаланған болатын.
Осы ретте пайыздық құрам бөліктің алшақтығы 0-ге жақын болды. Ал нақты пайыздық мөлшерлеменің теріс сипаты азая түсті. Мұны реттеушінің 2022 жылдың қарашасында жүргізген өктемді шараларына қарамастан, желтоқсанның басында базалық мөлшерлеменің 75 б.т.-қа көтерілуімен және инфляциялық болжамдардың нашарлай бастуымен, сондай-ақ мемлекет тарапынан экономиканы қолдау шаралары аясында теңгелік өтімділіктің артығымен көбейіп жатқандығымен түсіндіруге болады.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа