Шілде айының нәтижесі бойынша елорда тұрғындары үшін Дастархан индексі 196 порцияны, ал Алматы тұрғындары үшін 141 порцияны құрады. Сәйкесінше Индекстің мәні бір ай ішінде 3.0% және 11.3%-ға, ал бақылау басталған мерзімнен бері (2022 жылдың мамырымен салыстырғанда) 10.2% және 14.3%-ға төмендеді.
Еске саламыз, Индекс жалақының орташа мөлшерінің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Jusan big-data бағалары бойынша Дастархан мәзірін дайындауға арналған азық-түлік қоржынының бағасына қатынасы ретінде есептеледі.
Бұған қоса біз Индексті базалық зейнетақы төлемдерін ескеріп, орташа зейнетақы төлемдеріне иек арта отырып, есептедік (Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері).
Осылайша Дастархан индексі төлем алушылар үшін:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 63 порцияны (бір ай ішіндегі төмендеу – 3.0%, ал бақылау басталғалы бері өсім – 0.6%),
- Алматыда – 51 порцияны (бір ай ішіндегі төмендеу – 11.0%, ал бақылау басталғалы бері – 3.7%).
Орташа зейнетақы мөлшеріне қарай есептелетін Индекс 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда шілде айында айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Оған себеп: Қазақстанда бір ай ішінде орташа зейнетақы мөлшері 11.7%-ға өсіп, 117 469 теңгені құрады (1 шілде қарсаңындағы деректер). Бұл ретте Индекстің есебіне Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша орташа жалақының 2022 жылдың 1 тоқсанындағы мөлшері қолданылады. Өйткені Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) сайтында жаңа деректер әлі орналастырылған жоқ.
Жалпы Индекс бірінші кезекте азық-түлік қоржыны бағасының қымбаттауына байланысты төмендеді. Шілде айының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік қоржынының бағасы 1 863 теңгені құрады (бір ай ішіндегі өсім – 3.1%, 2022 жылдың мамырымен салыстырғандағы өсім – 11.0%).
Шілде айында азық-түлік себетінің маусым айымен салыстырғанда қымбаттауын бағалардың маусымдық төмендеуіне қарамастан, өсімдік майы (39.9%) мен көкөніс бағасының (14.7%) өскендігімен түсіндіруге болады. 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда еттің (+12.9%), майдың (+44.0%) және ұн мен жарманың (+10.9%) бағалары өсті. Бұл ретте көкөністің бағасы мамырмен салыстырғанда айтарлықтай түскендігі байқалады (-6.3%). Ресейде қантты экспортқа шығаруға шектеу қойылғаны белгілі. Соған байланысты елімізде қант тапшылығы орын алып отыр. Оған деген сұраныс артқан. Бірақ соған қарамастан бақылау басталғалы бері Jusan big-data деректері бойынша қант бағасы өзгерген жоқ.
Алматы қаласы бойынша азық-түлік қоржыны 2 308 теңгені құрады. Бұл елордадағы бағадан 23.9%-ға жоғары. Шілде айында Алматыда азық-түлік қоржынының бағасы 12.3%-ға, ал бақылау басталған кезеңнен бері 16.0%-ға өсті.
Азық-түлік қоржынының бір ай ішіндегі қымбаттауы жұмыртқа мен көкөністен басқа барлық азық-түлік өнімдерінің қымбаттағанына байланысты. Ең жоғары өсім еттің бағасында (+16.3%), өсімдік майы (+15.6%) және ұн мен жармада байқалды (+2.9%). Көкөніс бағасы да осы мерзім ішінде (-7.1%) төмендеді. Жұмыртқа бағасы үкімет тарапынан олардың бағасын реттеуге қатысты шаралардың арқасында өзгерген жоқ (жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары бойынша бағаны қаражаттандыру). 2022 жылдың мамырымен салыстырғанда елімізде еттің бағасы (+20.7%), май (+14.6%), жармасы бар ұн (+11.7%) және қант (+4.7%) бағасы қымбаттады. Бұл ретте көкөніс бойынша баға маусымға байланысты төмендеді (-3.6%).
Jusan big-data деректері және ҰСБ ресми статистикасы бойынша бағаларды салыстырар болсақ, біріншісі екіншісіне қарағанда 2022 жылдың шілдесінде тұңғыш рет елеулі түрде өсті. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жеке инфляцияның айлық деңгейі 4.3%-ды (ҰСБ деректері бойынша – 0.9%), Алматы қаласы бойынша – 5.7%-ды (0.7%) құрады.
Дастархан Индексінің серпіні мен азық-түлік қоржынының бағасы толық көрсетілген интерактивті графикалар мына сілтемеде: jusananalytics.kz/kz/dastarhan/