Дастархан Индексі: 2022 жылдың тамызының қорытындысы

Ресми статистика деректері бойынша тамыз айында азық-түлік инфляциясының деңгейі Нұр-Сұлтанда 1.9%-ды, ал Алматыда – 1.6%-ды құрады. 2022 жылдың мамыры мен тамыз айының аралығында азық-түлік өнімдерінің бағасы Елордада 4.2%-ға, ал Алматыда 3.7%-ға өсті.

Jusan big-data деректері бойынша тамыздың ішінде бағалар Нұр-Сұлтанда 0.3%-ға, Алматыда 0.4%-ға қымбаттады. Сонымен мамыр-тамыз аралығында Елордада Жеке инфляция деңгейі 9.5%-ға, Алматыда 6.4%-ға жетті.

Осылайша 3 ай ішінде Нұр-Сұлтандағы бағалардың өсімі Алматыға қарағанда жоғары болды. Бұл ретте абсолютті тұрғыда көптеген азық-түлік топтары бойынша бағалар Алматыда айтарлықтай жоғары.

2022 жылдың тамызы ішінде Дастархан Индексінің өсімі былайша қалыптасты:

  • Астана тұрғындары үшін:
    • Jusan big-data: 211 порция (шілденің қорытындысы бойынша 15 порцияға жоғары , бақылау кезеңінің басы – мамырда 7 порцияға төмен );
    • ресми статистика: 233 порция (16 және 14 ).
  • Алматы тұрғындары үшін:
    • Jusan big-data: 153 порция (12 және 11 );
    • ресми статистика: 219 порция (16 және 14 порция ).

Jusan big-data деректері бойынша тамызда өсімнің шілде айымен салыстырғанда жоғары болуы орташа жалақының өсуіне және азық-түлік өнімдерінің арзандауына байланысты болды. Алайда мамыр айымен салыстырғанда Дастархан Индексі нашарлады, яғни төмендеді. Оның басты себебі – азық-түлік себеті бағасының өсу қарқынының тиісті кезеңдегі табыс деңгейінен озық болуы. Ол Нұр-Сұлтанда табыс деңгейінен 10.9%-ға, Алматыда 15.1%-ға жоғары.

Ал біздің есептеулерге емес, ресми деректерге сүйенетін болсақ, азық-түлік себеті бағасының өте баяу – ел астанасында – 0.6%-ға, Алматыда 0.3%-ға өсуіне байланысты Индекстің деңгейі керісінше жақсарды.

Тамыз айының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қалыптасқан азық-түлік себетінің бағасы:

  • Jusan big-data: 1 860 теңге (бір ай ішінде 0.1% , мамыр айымен салыстырғанда 10.9% );
  • ресми статистика: 1 685 теңге (0.3% және 0.6% ).

Осылайша біздің есептеуімізге сәйкес ел астанасында азық-түлік себетінің бағасы ресми статистика деректеріне қарағанда 10.4%-ға жоғары.

Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақты ескере отырып, өнімдердің Нұр-Сұлтандағы бағасы, теңге

  Jusan big-data    Ресми статистика    ауытқу  
Ет1356118114.8%
Көкөністер1461413.7%
Күнбағыс және сары май125133-6.3%
Жұмыртқа882.4%
Ұн және жарма111135-17.7%
Сүт221823.6%
Қант1719-11.0%
Басқалар (ашытқы және шай)755051.5%

Алматы қаласы бойынша азық-түлік себетінің бағасы:

  • Jusan big-data: 2 291 теңге (бір ай ішінде 0.8% , мамыр айымен салыстырғанда 15.1% );
  • ресми статистика: 1 604 теңге (0.5% және 0.3% ).

Jusan big-data деректеріне сәйкес Алматы қаласы бойынша азық-түлік себетінің бағасы ресми статистикаға қарағанда 42.8%-ға жоғары.

Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақты ескере отырып, өнімдердің Алматыдағы бағасы, теңге

  Jusan big-data    Ресми статистика    ауытқу  
Ет1700112351.4%
Көкөністер17013624.5%
Күнбағыс және сары май18112445.2%
Жұмыртқа889.4%
Ұн және жарма106116-8.4%
Сүт25235.1%
Қант1923-15.8%
Басқалар (ашытқы және шай)825064.4%

Дастархан индексінің егжей-тегжейлі даму барысы мен азық-түлік қоржынының бағасы көрсетілген интерактивті графика мына сілтемеде: https://jusananalytics.kz/kz/dastarhan/

Қосымша

Тамыздың деректері бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар үшін Дастархан Индексі:

  • Елорда тұрғындары үшін:
    • Jusan big-data: 58 порция (шілденің қорытындысы бойынша 5 порция , бақылау мерзімінің бастауы – мамырмен салыстырғанда 5 порция );
    • ресми статистика: 64 порция (6 порция және 1 порция ).
  • Алматы тұрғындары үшін:
    • Jusan big-data: 47 порция (4 порция және 6 порция );
    • ресми статистика: 68 порция (5 порция және 2 порция ).

Индекс көрсеткішінің төмендеуіне Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері бір ай ішінде 7.1%-ға – 117 469 теңгеден 109 156 теңгеге дейін түскендігі (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылдың 1 тамызына қарасты деректері) және тағамдар топтамасын дайындауға арналған азық-түлік себеті бағасындағы бұған дейін атап өтілген өзгерістер себеп болды.

Оқуды ұсынамыз
6 апреля 2023

20 марта 2023

15 марта 2023