Негізгі тұжырымдар
Әлемдік экономика тұралауға немесе рецессияға жақын. Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқыны дамыған елдерде ДЕ дамушы елдерде де төмендеп бара жатыр | Дамыған және дамушы елдердің көпшілігінде инфляция қарқын алып барады. Сәйкесінше бағаларды түсіру бойынша қатаң шаралар қолданыла бастады |
АҚШ ФРЖ, ЕОБ және Англия Банкінің негізгі мөлшерлемені көтергені дамушы елдердің ұлттық валютасының сатып алу қабілетін төмендетуде | Украинаға қатысты геосаяси шиеленіс және бір-біріне санкция жариялау әрекеттері әлемдік экономиканың ағымдағы жағдайы мен келешегін нашарлатады |
Дамыған және дамушы елдердің орталық банктері инфляциямен күресу үшін базалық мөлшерлемелерді көтерді. Бұл ғаламдық ЖІӨ өсу қарқынын төмендетеді | Әлемде короновирустың қайта бас көтеруі, оған қарсы Қытай және басқа да елдердің қатаң шаралар қолдануы әлемде іскерлік белсенділікті баяулатады |
Әлемдік экономиканың негізгі орталықтарында ауа-райының шектен тыс ауытқуы ЖІӨ-нің жаппай өсуіне және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді | Әлемнің ең ірі экономикаларында (АҚШ пен Қытай) ЖІӨ өсу қарқыны төмендеуде. Бұл ғаламдық ЖІӨ-нің өсуін бәсеңдетеді |
Шикізаттық нарықтар геосаяси шиеленістер мен халықаралық санкциялардың кесірінен қатты құбылмалылық жағдайында | |
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Оқуды ұсынамыз
31 марта 2023
29 марта 2023
Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа