Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 8-12 тамызы)

Өткен аптада теңге саудаланатын валюталарға қатысты көбіне нығайды. Ұлттық валюта АҚШ долларына қатысты 0.41%-ға – 476.01 теңгеге дейін, Ресей рубліне қатысты 1.51%-ға – 7.81 теңгеге дейін, юаньға қатысты 0.25%-ға – 70.64 теңгеге дейін нығайса, еуроға қатысты 0.25%-ға – 490.15 теңгеге дейін әлсіреді. Жыл басынан бері теңге долларға қатысты 10.24%-ға, рубльге қатысты 35.59%-ға, еуроға қатысты 0.21%-ға және юаньға қатысты 3.88%-ға әлсіреді.

Қарастырылып жатқан апта 2022 жылдың маусым-шілдесінде арта бастаған құбылмалылықтың көмескі тартуымен сипатталды.

Теңге бағамының долларға қатысты апталық құбылмалылығы 0.2%-ды (бұған дейінгі аптаға қатысты -0.1 п.т., шілдедегі айлық құбылмалылыққа қатысты -1.0 п.т.), рубльге қатысты 0.8%-ды (сәйкесінше -0.6 п.т. және -2.0 п.т.) құрады.

USDKZT жұбының сауда көлемі бұған дейінгі аптамен салыстырғанда 11.15%-ға қысқарып (2022 жылғы орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 25.77%-ға төмен), 428.70 млн долларды құрады.

Теңге индексі

15 тамызда Jusan Analytics командасы Теңге индексін (KZTX JA) әзірлеп шығарғанын мәлімдеді. Ол – теңгенің шетел валюталарына (доллар, рубль еуро) қатысты геометриялық орташа өлшемді бағамы және арнайы түзету коэффициентіне көбейтілу арқылы есептеп шығарылады. Бұл коэффициент Индексті базалық есептеу күніне қарай (2018 жылдың желтоқсаны) 100-ге тең мәнге сәйкестендіреді.

Индекс теңгенің саудада және аударымдарда қолданылатын негізгі шетелдік валюталарға қатысты сатып алу қабілетін көрсетеді. Индекстің жоғарылағаны теңгенің негізгі валюталарға қатысты нығайғандығын, ал төмендегені керісінше сатып алу қабілетінің төмендегенін білдіреді.

Қаралып жатқан аптада Теңге индексі 0.3%-ға төмендеп, 78.5 пунктті құрады. Индекстің жыл басынан бері 13.5%-ға әлсіреуі теңгенің сатып алу қабілетінің оны естептеу үшін таңдап алынған валюталарға қатысты төмендеп жатқандығын растайды.

Теңге индексінің серпіні доллар индексімен теріс корреляцияланған. Яғни, доллардың басқа валюталарға қарағанда әлсіреуі теңгенің керісінше нығайғандығын және сәйкесінше оның индексінің өскендігін білдіреді. Доллардың Теңге индексіндегі үлесі 65%-ды құрайды.

Бұл ретте бағам белгілеудің негізгі іргелі факторларының бірі – мұнай бағасының өсіп жатқандығына қарамастан, Теңге индексі әлсіреуді көрсетеді. Бұл оған ішкі іргелі факторлардың елеулі түрде ықпал етіп жатқандығын растайды. Мысалы, инфляцияның жоғары деңгейі үшін берілетін сыйлықақыны атауға болады. Оны ішкі валюталық нарыққа қатысушылар айырбас бағамына енгізеді.

Jusan Analytics ой-пікірі

Біздің пікірімізше жақын болашақта теңге бағамына елеулі түрде түзету енгізуге ешқандай негіз жоқ. Біздің болжамымыз бойынша алдағы салық аптасы ұлттық валютаға ұзақ уақыт нығайтушы сипатта ықпал ете алмайды. Әлемдік экономикада рецессияға қатысты қорқыныштың сейілгені және ФРЖ өктем саясатын жұмсартуға алғышарттардың пайда болуы (инфляцияның айлық бәсеңдеуі мен инфляциялық болжамдардың тұрақталуы) доллар индексіне тежеуші сипатта ықпал етеді. Мұнай ұсынысы шектеулі жағдайда ғаламдық сұраныстың келешегіне қатысты алаңдаушылықтың бәсеңдегені мұнай бағасының теңге бағамы үшін ағымдағы қолайлы деңгейде сақталуына септігін тигізеді. Барлық аталған факторлар төмендетілмелі қысымды шектейді және дамушы елдердің валюталарының құбылмалылығын төмендетеді.

Шетел валютасына қатысты биржалық сауда көлемінің төмендігі және бағамдардың құбылмалылығының төмендеуі валюталық болжамдардың уақытша тұрақталғандығын білдіруі мүмкін. Күтпеген есеңгіретулер болмаса теңгенің долларға қатысты айырбас бағамы ағымдағы 475-480 теңге диапазонында сатыла беретін болады.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (8 – 12 августа 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (8 – 12 августа 2022 года)
Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 8-12 тамызы) Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 8-12 тамызы)
Weekly Forex Review (August 8 – 12, 2022) Weekly Forex Review (August 8 – 12, 2022)
Оқуды ұсынамыз
4 Сәуір 2023

4 Сәуір 2023

29 Наурыз 2023