Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 4-8 шілдесі)

Ұлттық валютамыз теңге соңғы бір аптаның ішінде АҚШ долларына қатысты 1.8%-ға – 474.92 теңгеге дейін әлсіресе, Ресей рубліне қатысты керісінше 9.8%-ға – 7.72 теңгеге дейін нығайды. Шілденің басынан бері теңге долларға қатысты 1.0%-ға әлсіреп, рубльге қатысты 14.0%-ға нығайды (сәйкесінше екі валютаға қатысты жыл басынан бергі әлсіреу – 10.0% және 34.0%). Теңгенің рубльге қатысты нығаюы көп жағдайда ресейлік валютаның әлсіреуіне байланысты орын алып отыр.

Өткен аптада USDKZT жұбы бойынша сауда көлемі бұрнағы аптамен салыстырғанда 16.4%-ға төмендеп (2022 жылдың орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 30.6%-ға төмен), 403 млн долларды құрады. Ұлттық валюта долларға қатысты аздаған көлеммен, біртіндеп әлсіреуде. Соның себебінен валюта нарығында анай айтқандай дүрбелең жоқ. Сауда күндерінің арасында теңге-доллар жұбының құбылмалылығы төмен екендігі байқалады. Бұл сұраныс пен ұсыныстың орнықты екендігін білдіреді. Яғни олар белгілі бір деңгейде тұрақтауға немесе синхронды түрде жоғары көтерілуіге бейім.

Мнение Jusan Analytics:

Өткен аптада теңге бағамының динамикасы жағымсыз сипатта болды. Өйткені валюта нарығына қатысушылар Қазақстанның негізгі мұнай құбыр желісіне қатысты жаңа қиындықтар туындайды деп қауіптенді. Долларды нығайту бойынша ғаламдық үрдіске байланысты және экспорт пен импорттың шамаларына қатысты сенімсіздіктің күшеюінен біз бағамның теңгерілген мәнін 464-469 теңгеге дейін жылжытамыз (бұған дейін 459-464).

Біздің пікрімізше, ағымдағы бағаның қалыптасуына нарыққа қатысушылардың (ішкі және сыртқы) экономикалық келешекке қатысты теріс күтімі басым факторға ие. Шынында да экономикада валютаны арзан бағамен сату бойынша нарықтық ынталандырулар жоқтың қасы. Бұл ретте еңбек демалыстары, экономикалық белсенділіктің өсуіне байланысты импорттың артуы және бизнес-циклдың “серпіліс/өсім” кезеңіне өтуі себебінен (ҚРҰБ іскерлік белсенділік индексне сәйкес) ішкі сұраныс тарапынан шетел валютасына деген қысым сақталуда. Мұндай жағдайда біз теңгені нығайтарлықтай қандай да бір нарықтық себепті көріп тұрған жоқпыз.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (4 – 8 июля 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (4 – 8 июля 2022 года)
Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 4-8 шілдесі) Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 4-8 шілдесі)
Weekly Forex Review (June 4 – 8, 2022) Weekly Forex Review (June 4 – 8, 2022)
Оқуды ұсынамыз
4 Сәуір 2023

4 Сәуір 2023

29 Наурыз 2023