Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 31 тамызы – 2 қыркүйегі)

Өткен аптада теңге сатылымдағы көптеген валюталарға қатысты өзінің босаңсығанын көрсетті. Теңге долларға қатысты 1.75%-ға, еуроға қатысты 1.37%-ға және юаньға қатысты 0.43%-ға әлсіреді. Ал рубльге қатысты 0.63%-ға нығайды. Жыл басынан бері теңге долларға қатысты 9.42%-ға, рубльге қатысты 36.11%-ға, юаньға қатысты 0.60%-ға әлсіреп, еуроға қатысты керісінше 3.36%-ға нығайды.

Теңгенің доллар мен рубльге қатысты апталық ауытқуы 0.1%-ды құрады. Бұл өткен аптаға қарағанда 0.9 п.т. және 1.0 п.т.-қа төмен. Бұл мәндер өткен апта аясында теңге бағамының келіп жатқан ақпараттарға айтарлықтай салғырт әсер еткенін танытты. Бұл валюта нарығының тиімсіздігінің өсіп жатқандығын немесе нарыққа қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын ортақ бағам бойынша уақытша уағдаласқандығын білдіруі мүмкін.

Экспорттаушылардың салық төлемі кезеңінен кейін келген апта биржалық сауда көлемінің айтарлықтай төмендегенімен есте қалды. Айталық, өткен аптада USDKZT жұбының сауда көлемі оған дейінгі аптамен салыстырғанда 75.6%-ға қысқарып (2022 жылғы орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 69.5%-ға төмен), 175.70 млн долларды құрады. Атап өту керек, өткен аптада теңгенің сауда көлемі төмен болды. Мұндай жағдай ағымдағы бағамның шынымен теңгерімді сипатта екендігін білдірмейді.

Теңге индексі (31 тамыз – 2 қыркүйек)

Қаралып жатқан аптада Теңге индексі  0.6%-ға төмендеп, 79.50 пунктті құрады. Индекс жыл басынан бері 12.4%-ға әлсіреді.

Индекстің деректері бойынша бағам үлкен салық аптасы барысында жеңіп алынған жайғасымынан айырылды. Бұған мұнай бағасының бір баррель үшін 93.0 долларға дейін түскендігі және америкалық доллар жайғасымының күшейгені себеп болды.

Теңге индексіне сәйкес тамыздың екінші жартысынан бастап, мұнай бағасының серпіні мен ұлттық валюта бағамында алшақтық қысқаруда. Бұл Теңге индексінің 77-80 пункт деңгейінде тұрақты тербелісі аясында мұнай бағасының бір баррель үшін 100 доллардан асатын деңгейден қазіргі 93 долларға дейін түскендігі арқасында орын алды. Осы ретте Индекс әзірге доллардың күшейгендігін елең қылмауда.

Jusan Analytics ой-пікірі

Бағам бұрынғы деңгейіне қайта оралды – доллар бағасы – 470-472 теңге болды. Демек бұл теңгенің үлкен салық аптасы кезіндегі нығаю инвесторлар мен нарыққа қатысушылардың болжамына сәйкес келмегенін білдіреді. Яғни, теңге бағамы тек уақытша артқан сұранысқа байланысты ғана нығайған.

Қысқаша аптаның ортасында тамыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляцияның 16.1%-ға (+1.4% а/а) дейін елеулі түрде үдегені туралы деректер және ҚР Президентінің Жолдауы барысында Үкімет пен ҚРҰБ-қа арналған шаралар валюта нарығына қатысушылардың аңысын аңду саясатын ұстануына себеп болған болса керек.
 
Енді бағам белгілеудің алдағы тренді өкілетті органдардың жауапты шараларына, сондай-ақ ішкі және сыртқы іргелі факторларға тәуелді болады.

Инфляцияға байланысты деректердің шығуына байланысты біз болжамдарымызды елеулі түрде қайта қарадық. Өйткені деректер біздің болжамнан жоғары болып шықты және монетарлық шарттардың траекториясы түзетілді.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (31 августа – 2 сентября 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (31 августа – 2 сентября 2022 года)
Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 31 тамызы – 2 қыркүйегі) Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 31 тамызы – 2 қыркүйегі)
Weekly Forex Review (August 31 – September 2, 2022) Weekly Forex Review (August 31 – September 2, 2022)
Оқуды ұсынамыз
4 апреля 2023

4 апреля 2023

29 марта 2023