Тұтыну шығындары индексінің серпіні

Тұтыну шығындары индексінің деректеріне көз салсақ, өткен жылмен салыстырғанда биыл тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген сұраныстың жоғары екендігі байқалады.

Осы ретте ағымдағы жылдың наурызында сұраныстың әдеттен тыс өсіп кеткенін көруге болады. Бұл біздің пікірімізше, геосаяси есеңгіретулердің және теңге бағамының әлсіреуінен туындады. Кейін тұтыну сұранысы азайып, мамырда ең төмен деңгейді көрсетті. Бұдан кейін тұтыну сұранысы қайтадан өзінің өсу жолына түсіп, шілде мен тамызда шарықтау шегіне жетті.

Тұтыну тауарларына деген сұраныстың өсу барысы да осыған ұқсас.
Оның ең жоғары көрсеткіші наурыз айына сәйкес келді. Кейін құлдырап, жаз айында өзінің тұрақты өсу қалпына қайта оралды.

Азық-түлікке жатпайтын тауарларға деген сұраныс жыл бойы жоғары болып келеді. Оның шарықтау шегі наурыз бен шілде айларына сәйкес келді. Тамыз айының соңына қарай өзінің қалыпты деңгейіне тұрақтады.

Шілдеде азық-түлікке жатпайтын тауарларға деген сұраныс теңгенің әлсіреуімен бір мезетте орын алды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы өзгерген кезде, адамдардың мінез-құлқы да соған сәйкес, өзгеріп отырады. Мысалы, адамдар теңгенің бағамы әлсіреп, баға өскен кезде, оның одан әрі жоғарылайтындығын, әсіресе азық-түліккен жатпайтын тауарлардың бағасы қымбаттайтындығын түсінеді. Сөйтеді де көп сатып алулар жасауға тырысады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тұрғысында алып қарасақ, инфляцияны шегере отырып, өткен жылмен салыстырғанда киім-кешек пен аяқ киімдер бағасының орта есеппен 40%-45%-ға айтарлықтай өскені байқалады.

Осы ретте тұрмыстық техника мен электроникаға деген сұраныс тек маусым айынан бастап, өсе бастады. Ал оған дейін шығындар өткен жылдың көрсеткішінен төмен немесе норманың шегінде – 15% деңгейінде болған еді.

Сонымен қатар жиhаз бен құрылыс тауарларына деген сұраныс елеулі түрде төмендеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда биыл тұрғын үй мен құрылыс нарықтарында белсенділік төмендеп, салқындық пайда болғанын көрсетеді.

Көрсетілетін қызметтер тұрғысында кафе мен мейрамханаларға жұмсалатын шығын өсе бастағаны байқалады. Шығындардың ең көп мөлшері жазғы уақытқа сәйкес келді. Мұны өткен жылы карантинге байланысты белгілі бір шектеулерге байланыстыруға болады. Демалыс және туризм салалары, әуе билеттерін сатып алуға қатысты көрсетілетін қызметтер бойынша шығындар осындай серпінді көрсетеді.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023