Баға барометрі (2022 шілде)

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

Негізгі тұжырымдар

 

 

Шілде айында жылдық инфляция өсуін жалғастырып, 15%-ды құрады. Тұтыну инфляциясы азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың қымбаттауына байланысты өстіИнфляциялық қысымның аздап босаңсығаны байқалады. Өйткені негізгі азық-түлік топтарының әлемдік бағасы төмендеп жатыр. Қазіргі әлемдік азық-түлік және энергетика нарықтарындағы ахуалға қарап айтар болсақ, ғаламдық инфляцияның тағы да өршіп кету мүмкіндігі төмен
Шілдеде әлемдік азық-түлік бағалары соңғы айлармен салыстырғанда – 140.9 пунктке дейін түсіп, 8.6%-ды құрады. Алайда азық-түлік бағалары өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі мәннен әлі де жоғары – 13.1%-ға2022 жылдың сәуірінде Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) атап өткен тәуекелдік қауіп-қатерлердің көпшілігінің жүзеге асуы дамушы елдер үшін ғаламдық инфляция бойынша болжамдардың 9.5%-ға (сәуірлік болжамға +0.8 п.т.) дейін өсуіне, ал ғаламдық экономикалық өсім бойынша болжамдардың 3.2%-ға (-0.4 п.т.) дейін түсуіне әкеп соқты
Өткен кезеңдермен салыстырғанда барлық құрамдас бөліктер бойынша айлық инфляцияның баяулағаны байқалады. Алайда Қазақстандағы ағымдағы айлық инфляцияның деңгейі (+1.1%) өткен жылдардың сәйкес кезеңдеріне қарағанда жоғарыТұтыну тауарларының қымбаттығы тұтыну сұранысының даму барысын тежейтіндігі белгілі. Сондықтан сұраныс бірін-бірі алмастыратын арзан тауарларға ойысады
Азық-түлік инфляциясының деңгейі айлық тұрғыда 1.0%-ды (а/а), ал жылдық тұрғыда 19.7%-ды (ж/ж) құрады. Көкөністер мен жемістердің жаз мезгіліндегі арзандауы, сондай-ақ жаңа өнімдерді жинау науқаныны басталған соң, ауыл шаруашылығы өндірушілері бағасының түсуі азық-түлік инфляциясының баяулауына ықпал етудеГеосаяси шиеленістің сақталуы және монетарлық шарттардың ғаламдық тұрғыда қатаңдатылуы, оның үстіне ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі айырбас бағамының ішкі бағаларға өту құбылысы арқылы азық-түлікке жатпайтын тауарлардың қымбаттауына әсер етуде
Әкімшілік шектеулер кезінде сервистік инфляцияның өсу қарқынының жоғары деңгейде сақталуы сыртқы нарықта энергия тасымалдаушылардың қымбаттағанына қарамастан, нарықта үйлесімсіздік қалыптастырады. Бұл өз кезегінде ағымдағы болжамдар мен болашақ инфляцияға әсер етуі мүмкінМонетарлық саясатты біртіндеп қатаңдату ерекше жағдай туғызады. Яғни, базалық мөлшерлеме инфляцияның шынайы деңгейінің соңынан ілесе алмай қалады. Бұл нақты пайыздық мөлшерлеменің инфляция деңгейінен төмен қалыптасуына әкеп соғады. Нәтижесінде монетарлық шарттар сұраныстың өсуіне әсер етеді
Жылдық инфляцияның тоқтаусыз өсуі және Ұлттық Банктің инфляцияның шарықтау шегіне әлі жетпегендігі туралы пікірі базалық мөлшерлеменің тағы да көтерілуіне алғышарттар қалыптастырады. Әйтпесе тұсауланбаған инфляциялық болжамдар жалпы экономикалық факторларға қоса инфляцияға бейім ахуалдың нығаюына әсер етеді

Тәуекелдер мен келешектер

Инфляциялық қысымның анық азайғаны байқалады. Ол негізгі азық-түлік тауарлары бойынша бағалардың түсуі аясында орын алуда. Әлемдік азық-түлік және энергетика нарықтарындағы қазіргі ахуал ғаламдық инфляцияның үдеуінің жаңа толқынының пайда болу ықтималдығын төмендетеді.

2022 жылдың сәуірінде Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) атап өткен тәуекелдік қауіп-қатерлердің көпшілігінің жүзеге асуы дамушы елдер үшін ғаламдық инфляция бойынша болжамдардың 9.5%-ға (сәуірлік болжамға +0.8 п.т.) дейін өсуіне және бір мезетте ғаламдық экономикалық өсім бойынша болжамдардың 3.2%-ға (-0.4 п.т.) дейін түсуіне әкеп соқты.

Тұтыну тауарларының қымбаттығы тұтыну сұранысының даму барысын тежейді және сәйкесінше оның құрылымын анағұрлым арзан тауарларға бағыттайды.

Геосаяси шиеленістің одан әрі сақталуы және монетарлық шарттардың ғаламдық тұрғыда қатаңдатылуы азық-түлікке жатпайтын тауарлардың қымбаттауына әсер етуде. Бұл ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі және айырбас бағамының ішкі бағаларға өту құбылысы себебінен болып отыр.

Инфляцияны бақылау бойынша мемлекеттің монетарлық емес шаралары аясында сервистік инфляцияның өсу қарқынының жоғары деңгейде сақталуы сыртқы нарықта энергия тасымалдаушылардың қымбаттағанына қарамастан, нарықта үйлесімсіздік қалыптастырады. Бұл болашақ инфляцияның траекториясына кері әсер етуі мүмкін.

Базалық мөлшерлемені көтеру траекториясы әзірге инфляцияның деңгейінің соңынан ілесе алмауда. Мұндай монетарлық шарттар сұраныс және несие беру тарапынан инфляцияны төмендетуге айтарлықтай алғышарттар қалыптастырмайды.

 


 

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Ценовой барометр (июль 2022) Ценовой барометр (июль 2022)
Баға барометрі (2022 шілде) Баға барометрі (2022 шілде)
Price barometer (July 2022) Price barometer (July 2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023