Баға барометрі (2022 тамызы)

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

Негізгі тұжырымдар

 

 

Елдердің бір-біріне (ғаламсыздандыруға әкеп соғатын) санкция жариялауы, Қытайдың COVID-19-ға қатысты нөлдік төзімділік саясаты әлемдік өндіріс пен тауар жеткізу тізбегінде іркілістер тудырды және өндіріс факторларының қымбаттауына әкеп соқтырдыЭнергия тасымалдаушыларға қатысты сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің өзгерісі геосаяси тұрақсыздықтың нәтижесі ретінде олардың қымбаттауына себеп болуда. Бұл ретте олардың қымбаттауы түпкілікті тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларының қалыптасуына әсер етеді
Инфляциялық ахуал жайсыз болуда және болжам бойынша орташа мерзімде осылай болып қала бередіІшкі инфляциялық ахуал пессимистік болжам және тұтыну сұранысының артуы салдарынан нашарлап барады. Соңғысы бюджеттік шығындармен және тұтынушылық несиелендіруде белсенділіктің өскендігімен қамтамасыз етілген
Тұтыну инфляциясының негізгі триггері ауысты: азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы азық-түлік бағасының өсу қарқынын басып оза бастады. Азық-түлік инфляциясы жеміс-көкөніс өнімдерінің маусымдық арзандауы арқасында уақытша тежеліп жатырАзық-түліктік емес инфляцияның өсуіне импортқа тәуелділік, сауда бойынша әріптес-елдердегі жоғары инфляциялық ахуал және валюта бағамын көшіру әсері отқа май құя түсуде
Маусымдық есеңгірету және Үкіметтің уақытша шектеу шараларының алынып тасталуына байланысты ақылы қызметтердің жекелеген түрлерінің нарықтарындағы теңгерімсіздіктер тұтыну инфляциясына жағымсыз әсер еттіЕл өңірлерінде жылдық инфляция 13.6-19.2% ауқымында болды. Өңірлерде инфляциялық үдерістердің әртектілігі күшейіп жатқандығы байқалады
Біз жыл соңына дейін инфляцияның 17-17.5%-ға дейін өсетіндігін күтеміз (ҚРҰБ жаңартылған болжамы бойынша – 16-18%). Инфляциялық үдерістердің күшеюі және инфляцияның одан әрі өршіп кету қаупі тұтынушылық сұраныстың аптығын басу үшін шаралар қабылдауды талап етеді.

 


 

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Ценовой барометр (август 2022) Ценовой барометр (август 2022)
Баға барометрі (2022 тамызы) Баға барометрі (2022 тамызы)
Price barometer (August 2022) Price barometer (August 2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023