РФ ОБ негізгі мөлшерлемені 9.5%-дан бірден 8%-ға түсірді

Ресей Банкі өткен жұмада базалық мөлшерлемені 1.5 пайыздық тармаққа – 8.0%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Осылайша 2022 жылдың сәуірінен бері осымен бесініші рет төмендетіп отыр. Еске саламыз, 2022 жылдың ақпанында Орталық Банк базалық мөлшерлемені бірден 20%-ға дейін көтерген болатын.

Ресейлік реттеушінің деректері бойынша мөлшерлеме экономикада тұтыну бағаларының шамалы өскендегіне байланысты төмендетілді. Бұл енді жылдық инфляцияның бәсеңдеуіне (маусымда инфляция 15.9%-ды құрады, ал мақсат еткен инфляция 4% болған), іскерлік белсенділіктің төмендеуіне, сондай-ақ халық пен бизнестің инфляциялық болжамының бәсеңдеуіне ықпал етеді. Бұл ретте Ресейдің сыртқы жағдайы өте күрделі және бұл елдің экономикалық қызметін шектеуде.

Ресей мемлекеттік статистикасының деректері бойынша елде апталық дефляцияның болып жатқандығы бірінші рет емес. Соңғы деректер бойынша (9-15 шілде) ол 0.17%-ға дейін (бір апта бұрын – 0.03%) әжептеуір өсті.

Біздің пікірімізше, санкциялар мен шектеулер кезінде Ресей экономикасының моделі томаға-тұйық экономикалық жүйеге айналып барады. Бұл ретте ақша-несие саясатын жұмсартау ақылға қонымды деуге болады.

Негізгі мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап тұру экономиканың қысқаруына және рецессиялық құбылыстардың пайда болуына әкеп соғады. Ресей қазір санкциялық соққыларды тезірек сіңіріп, рецессиядан шығу үшін экономикасын түрлендіруге, өзгертуге аса мұқтаж.

Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, біртіндеп, күш алып бара жатқан рецессия экономикаға орасан зор нұқсан келтіреді және ел дамуын артқа шегеруіп тастауы мүмкін. Біздің пікірімізше, Ресей негізгі мөлшерлемені бизнес үшін банктердегі ақша қорының құнын арзандату және іскерлік белсенділікті арттыру үшін мақсатында төмендетіп отыр. Өндірістік тізбектердің бұзылуы және тұтыну сұранысының өзгеруі мәселелерін ескеретін болсақ, банктерден жаңадан қарыз алу және арзан мөлшерлеме бойынша қайта қаржыландыруға мүмкіндік беру Ресей экономикасын қайта қалпына келтіру үшін өте маңызды шара болып отыр.

Оқуды ұсынамыз
6 Сәуір 2023

20 Наурыз 2023

15 Наурыз 2023