Тәуекелдер мен келешектер
- Тұтыну бағаларының жалпы өсу қарқыны 4 ай бойы білқалыпты бәсеңдеуде. Бірақ соған қарамастан инфляцияның үдеу қаупі әлі де сақталуда.
- Қаңтар айында инфляция төмендесе де, халықтың «инфляция әлі де үдей түсуі мүмкін» деген күдігінің басылмауы (бұл жыл сайын болатын құбылыс, ақпан айынан бастап әдетте қайта көтеріле бастайды), сондай-ақ базалық инфляциялық қысымның әрі қарай өсуі базалық мөлшерлемені қазіргі деңгейінде қалдыруды және инфляциялық үрдістің беті қайта бастаса да қаршығалық іс-әрекетті жалғастыруды талап ететін факторлар. Біздің есебіміз бойынша базалықтың одан әрі көтерілу ықтималдығы өте төмен. Себебі инфляцияның қазіргі нақты өсімі реттеушінің болжамына толығымен сәйкес келеді.
- Ақылы қызметтер бағасының әртекті серпіні, мемлекеттік ынталандырулардың сақталуы болашақта инфляциялық қысымның төмендеу мүмкіндігін тежеп, бағалардың ұзақ уақыт жоғары деңгейде сақталуына ықпал етуі мүмкін.
- Тұтынушылық белсенділіктің аптығы 2022 жылдың соңынан бастап, басыла бастады. Бұған ұзақ уақыт бойы халықтың нақты табыстарының қысқаруы және тұтыну бағаларының қымбаттауы себеп болды. Енді суына бастаған сол белсенділік инфляциялық қысымның да суынуына септігін тигізеді.
- Біздің болжам бойынша инфляция жылдық тұрғыда 2023 жылдың алғашқы тоқсанында үдей түсіп, 21.0-22.0%-ға жетеді. Кейін өсуге түрткі болатын ішкі және сыртқы қозғаушы күштердің жоқтығынан бағалар біртіндеп төмендей бастайды.
- 2023 жылдың ақпанына арналған болашақ «Баға барометрінде» бағалардың болашақ өсу серпінінің қайта қаралған болжамдық мәні ұсынылатын болады. Jusan Analytics жаңартылған болжамында инфляциялық ортаның жақсаруының тұрақты белгілері қамтылады.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Оқуды ұсынамыз
31 марта 2023
29 марта 2023
Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа