Қауіп-қатерлер мен даму келешегі
- Ағымдағы макроэкономикалық жағдайға қарап, кең көлемді инфляциялық қысым 2023 жылдың аяғына дейін сақталады деп болжауға болады. Сондай-ақ рецессиялық үдерістер байқалуда. Жалпы инфляциялық қауіп-қатерлер дезинфляциялық тәуекелдерге қарағанда жоғары және айтарлықтай қауіпті.
- Бағалардың өсуіне қарсы монетарлық шарттарды қатаңдату түріндегі шектеу шаралары ғаламдық экономикалық белсенділікке кері әсер етеді. Әлем елдерінің монетарлық реттеушілерінің іс-әрекеттері жиынтық сұраныс тарапынан дезинфляциялық ықпал тудыруға бағытталған. Алайда сұраныстың әлсіреуімен өлшемдес болатын, ұсыныс тарапындағы мәселелер инфляцияға қарсы шаралардың тиімділігін өтейді/төмендетеді. Бұл ретте тұтыну сұранысын барған сайын шектеу іскерлік белсенділікті тұрақсыздандырады және оған қысым көрсетеді.
- Бағаларға қатысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында сұранысты тежеуге бағытталған әрекеттер жеткіліксіз. Мұнда шектеулі ұсыныс мәселесін шешу қажет. Ол ұзақ уақыт бойы елең етілмеген болатын. Макроэкономикалық тұрақтылық орнатуға бағытталған шаралар көп жағдайда ұсынысты ынталандыруға бағытталуы тиіс.
- Қытай экономикасы тарапынан тәуекелдер балансының ығысқандығы байқалады. Аспан асты елі «нөлдік төзімділік» саясатынан біртіндеп бас тартса, пандемия індетінің таралуы тоқтайтын болса, оның экономикасы өзінің белсенділігін қайта жандандырып, әлемде жиынтық ұсыныстың келешегін жақсартуы мүмкін. Бұл ретте егер Қытайда іскерлік белсенділік қалпына келетін болса, бұл кейінге қалдырылған сұраныстың қайтадан артуына және бағалардың тағы да күрт өсуіне әкеп соғуы мүмкін.
- Осылайша ғаламдық жоғары инфляциялық ахуал Қазақстандағы тұтыну бағаларына кері әсер етуде.
- Мұнай нарығындағы қолайлы баға жағдаяты мұнайдан түсетін табыстардың өсуіне ықпал етуде. Бұл, отандық экономиканың келешегі туралы болжамдар көңілсіз сипатта болып жатқан жағдайда дағдарысқа қарсы қолдаудың жоғары деңгейде сақталуына септігін тигізеді. Сұранысты монетарлық тұрғыда шектеуге қарсы мемлекеттік шығындардың өсуі бір жағынан оң экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін оны ынталандырушы шара болып табылады. Қазақстанның құрылымдық мәселелері инфляцияның бұдан әрі өршіп кетуіне әсер етуі мүмкін. Мұның шешімі – мемлекеттік саясатты мөлшерлеу бойынша шараларды жүзеге асыру.
- Біз орта мерзімді келешекте бағаларға қатысты жағдайды тұрақтандыруға көмектесе алатын факторларды көріп тұрған жоқпыз. Ішкі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін шешуге көп уақыт керек.
- Сондықтан біз жалпы алдағы 12 айлық мерзім ішінде «инфляция таргет аумағына қайтып келеді» деп ойламаймыз. Біздің болжам бойынша инфляция ағымдағы жылдың соңында 21%-ға жуық болады, ал 2023 жылы 12.5-13.5%-ға дейін баяулауы мүмкін. Бұған ағымдағы жылдың жоғары базасының техникалық әсері негіз бола алады.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Оқуды ұсынамыз
31 марта 2023
29 марта 2023
Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа