Негізгі тұжырымдар
Монетарлық шарттар ғаламдық тұрғыда қатаңдатылып жатыр. Бірақ инфляция өсімін бәсеңдетуге шамасы келер емес. Бірақ ол экономикалық өсімге кері әсер етуі мүмкін. Өйткені жалпы сұранысты төмендетіп жібереді. | Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі бір-бірімен үйлеспейінше экономикада инфляция жоғары деңгейде болып қала бермек. |
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша инфляция 17.7%-ға жетті. Оның барлық құрамдас бөліктері өсті. Базалық инфляцияның өсуі және оның үдей түсуі инфляцияның тұрақты сипатқа ие болғанын білдіреді | ҚРҰБ халық арасында жүргізген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, тұрғындардың инфляцияға қатысты күдігі жандана түскен және бұл тұтынушылық инфляцияның одан әрі өсуіне түрткі болуы мүмкін. Бұл жерде күдіктің күшеюіне жауап берушілердің азық-түлік өнімдері бағасының әрі қарай елеулі түрде өсетіндігі туралы пікірі себеп болды |
Биыл көкөніс пен жемістердің маусымдық арзандауы ұзаққа созылды. Ал басқа азық-түлік тауарларының бағасы өндірушілердің бағасының өсуі есебінен қымбаттап жатыр. Өйткені өндіріс шығындары да қымбаттауда | Тұтынудың басты индикаторы – ішкі сауда өсімінің бәсеңдеуіне бағалардың өсуі, тұрақтылық белгілерінің болмауы себеп болуда. Сонымен қатар депозиттік база да өсіп жатыр. Демек тұрғындардың белгілі бір бөлігі экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайында «қауіпсіздік көпшігін» жасап алу үшін ақша жинауға көшті деген сөз |
Қыркүйекте өңірлік инфляциялық үдерістердің өзара үйлесімсіздігі байқала түсті. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде инфляция елеулі түрде өсе түскен. Ал оңтүстік және батыс өңірде инфляция деңгейі әжептеуір төмен | Ішкі инфляциялық үдерістерде тұрақтылық белгілерінің байқалмауы, оның үстіне сыртқы жағдаяттардың жиі өзгеруі – жыл соңына дейін инфляциялық қысымның жоғары болатындығының алғышарттары деуге болады |
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Оқуды ұсынамыз
31 марта 2023
29 марта 2023
Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа