Біздің Тұтыну шығындары индексінің деректеріне сәйкес күздің екінші аптасында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге деген сұраныс өткен жылдың деңгейінде сақталды деуге болады.
Азық-түліктерге деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 7%-ға төмендеді. Бұл ағымдағы жылдың тамызында азық-түлік бағаларының айтарлықтай өскендігіне байланысты болып отыр. Айталық, инфляция шығындардың өсімін басып оза бастады. Бұл адамдардың азық-түлікті аз ала бастағанын білдіреді. Өйткені күнделікті алып жүрген азық-түлікке биыл былтырғы жылға қарағанда көп ақша жұмсауға тура келеді.
Жалпы азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша инфляцияны ескермегенде мына санаттар бойынша сұраныстың азайғаны байқалуда: дәрі-дәрмектер және медициналық препараттар, құрылыс материалдары, жиhаз және тұрмыстық техника. Сондай-ақ өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда кеңселік тауарларға, ойыншықтар мен спортттық тауарларға, киім-кешек пен аяқ киімдерге сұраныстар төмендеді.
Көрсетілетін қызметтер тұрғысынан алып қарағанда мына санаттар бойынша шығындардың өскендігі байқалады: сұлулық және денсаулық, құрылыс. Осы ретте әуе және темір жол билеттеріне және көлік жалдауға сұраныс төмендеуде.
Жалпы сұраныс өсімінің өткен жылдың деңгейінде сақталуы және жазғы кезеңнің деректеріне қарағанда индекс өсімінің бәсеңдеуі біздің пікірімізше, жазғы еңбек демалыстары кезеңінің аяқталып, жаңа оқу жылының басталуына байланысты болды. Сондай-ақ бұған дейін ұзақ мерзім пайдаланатын тауарлар тұтынудың стандартты деңгейінен де артық көлемде сатып алынғандығы да сұранысқа әсер етеді.