Ресми статистика деректері бойынша тамыз айында азық-түлік инфляциясының деңгейі Нұр-Сұлтанда 1.9%-ды, ал Алматыда – 1.6%-ды құрады. 2022 жылдың мамыры мен тамыз айының аралығында азық-түлік өнімдерінің бағасы Елордада 4.2%-ға, ал Алматыда 3.7%-ға өсті.
Jusan big-data деректері бойынша тамыздың ішінде бағалар Нұр-Сұлтанда 0.3%-ға, Алматыда 0.4%-ға қымбаттады. Сонымен мамыр-тамыз аралығында Елордада Жеке инфляция деңгейі 9.5%-ға, Алматыда 6.4%-ға жетті.
Осылайша 3 ай ішінде Нұр-Сұлтандағы бағалардың өсімі Алматыға қарағанда жоғары болды. Бұл ретте абсолютті тұрғыда көптеген азық-түлік топтары бойынша бағалар Алматыда айтарлықтай жоғары.
2022 жылдың тамызы ішінде Дастархан Индексінің өсімі былайша қалыптасты:
- Астана тұрғындары үшін:
- Jusan big-data: 211 порция (шілденің қорытындысы бойынша 15 порцияға жоғары ▲, бақылау кезеңінің басы – мамырда 7 порцияға төмен ▼);
- ресми статистика: 233 порция (16 ▲ және 14 ▲).
- Алматы тұрғындары үшін:
- Jusan big-data: 153 порция (12 ▲ және 11 ▼);
- ресми статистика: 219 порция (16 ▲ және 14 порция ▲).
Jusan big-data деректері бойынша тамызда өсімнің шілде айымен салыстырғанда жоғары болуы орташа жалақының өсуіне және азық-түлік өнімдерінің арзандауына байланысты болды. Алайда мамыр айымен салыстырғанда Дастархан Индексі нашарлады, яғни төмендеді. Оның басты себебі – азық-түлік себеті бағасының өсу қарқынының тиісті кезеңдегі табыс деңгейінен озық болуы. Ол Нұр-Сұлтанда табыс деңгейінен 10.9%-ға, Алматыда 15.1%-ға жоғары.
Ал біздің есептеулерге емес, ресми деректерге сүйенетін болсақ, азық-түлік себеті бағасының өте баяу – ел астанасында – 0.6%-ға, Алматыда 0.3%-ға өсуіне байланысты Индекстің деңгейі керісінше жақсарды.
Тамыз айының қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қалыптасқан азық-түлік себетінің бағасы:
- Jusan big-data: 1 860 теңге (бір ай ішінде 0.1% ▼, мамыр айымен салыстырғанда 10.9% ▲);
- ресми статистика: 1 685 теңге (0.3% ▼ және 0.6% ▲).
Осылайша біздің есептеуімізге сәйкес ел астанасында азық-түлік себетінің бағасы ресми статистика деректеріне қарағанда 10.4%-ға жоғары.
Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақты ескере отырып, өнімдердің Нұр-Сұлтандағы бағасы, теңге
Jusan big-data | Ресми статистика | ауытқу | |
Ет | 1356 | 1181 | 14.8% |
Көкөністер | 146 | 141 | 3.7% |
Күнбағыс және сары май | 125 | 133 | -6.3% |
Жұмыртқа | 8 | 8 | 2.4% |
Ұн және жарма | 111 | 135 | -17.7% |
Сүт | 22 | 18 | 23.6% |
Қант | 17 | 19 | -11.0% |
Басқалар (ашытқы және шай) | 75 | 50 | 51.5% |
Алматы қаласы бойынша азық-түлік себетінің бағасы:
- Jusan big-data: 2 291 теңге (бір ай ішінде 0.8% ▼, мамыр айымен салыстырғанда 15.1% ▲);
- ресми статистика: 1 604 теңге (0.5% ▼ және 0.3% ▲).
Jusan big-data деректеріне сәйкес Алматы қаласы бойынша азық-түлік себетінің бағасы ресми статистикаға қарағанда 42.8%-ға жоғары.
Тағамдар топтамасын дайындау үшін қажетті салмақты ескере отырып, өнімдердің Алматыдағы бағасы, теңге
Jusan big-data | Ресми статистика | ауытқу | |
Ет | 1700 | 1123 | 51.4% |
Көкөністер | 170 | 136 | 24.5% |
Күнбағыс және сары май | 181 | 124 | 45.2% |
Жұмыртқа | 8 | 8 | 9.4% |
Ұн және жарма | 106 | 116 | -8.4% |
Сүт | 25 | 23 | 5.1% |
Қант | 19 | 23 | -15.8% |
Басқалар (ашытқы және шай) | 82 | 50 | 64.4% |
Дастархан индексінің егжей-тегжейлі даму барысы мен азық-түлік қоржынының бағасы көрсетілген интерактивті графика мына сілтемеде: https://jusananalytics.kz/kz/dastarhan/
Қосымша
Тамыздың деректері бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар үшін Дастархан Индексі:
- Елорда тұрғындары үшін:
- Jusan big-data: 58 порция (шілденің қорытындысы бойынша 5 порция ▼, бақылау мерзімінің бастауы – мамырмен салыстырғанда 5 порция ▼);
- ресми статистика: 64 порция (6 порция ▼ және 1 порция ▲).
- Алматы тұрғындары үшін:
- Jusan big-data: 47 порция (4 порция ▼ және 6 порция ▼);
- ресми статистика: 68 порция (5 порция ▼ және 2 порция ▼).
Индекс көрсеткішінің төмендеуіне Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері бір ай ішінде 7.1%-ға – 117 469 теңгеден 109 156 теңгеге дейін түскендігі (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылдың 1 тамызына қарасты деректері) және тағамдар топтамасын дайындауға арналған азық-түлік себеті бағасындағы бұған дейін атап өтілген өзгерістер себеп болды.