Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 қаңтар)

2023 жылдың алғашқы айында ҚЭИ жақсы өсіп, 5.0%-ды құрады.

Мұндай үдемелі даму нақты сектор (+2.3%)мен қызмет көрсету секторының өсуімен (+7.6%) қамтамасыз етілді. Экономиканың барлық негізгі салаларында оң серпін байқалды. Бұл ретте өсуге негізгі үлесті: көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ байланыс саласы қосты. Нақты секторда ең жоғары өсім құрылыс саласында байқалды.    

Өнеркәсіп 2022 жылдың қаңтарының деректері бойынша 1.4%-ға өсті. Өткен жылдың қазан айынан бері тау-кен өндірісі саласы тұңғыш рет өсу аймағына өтіп, 1.2%-ды (2022 қаңтарында 7.2%) құрады. Мұндай өсімді мұнай (+1%), түсті металдарды (+9.1%) және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру (+7.6%) қамтамасыз етті. Алайда өткен жылмен салыстырғанда көмір өндірудің төмендегені және темір кендерін өндірудің одан әрі төмендегені байқалды.

Өңдеуші саланың жалпы қосылған құны (ЖҚҚ) 1.6%-ға өсті. Бұған фармацевтикалық өнімдер  (+51%), азық-түлік өнімдері (+9.8%), сусындар (+33.2%), тоқыма (+25.5%) және темекі бұйымдары (+21.3%), машина жасау (+12.1%) өндірісін арттыру нәтижесінде қол жеткізілді.  Бұл ретте киім-кешек өндірісі (-13.8%) мен металлургия өндірісі (-7.4%) төмендеді.

 Құрылыс саласы 12.5%-ға айтарлықтай өсті. Қаңтарда тұрғын үй ғимараттарын салу құрылысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31.5%-ға қысқарса, тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар құрылысы керісінше 39.1%-ға артты. Бұл тұрғын үй құрылысының теріс әсерін білдірмей жіберді. Құрылысжайлар салу 14.4%-ға өсті. Бұған біздің пікірімізше негізгі капиталға инвестиция салуды арттыру, құрылыс жобаларын жүзеге асыру және мемлекет тарапынан аталмыш салаға ұзақ уақыт қолдау көрсетудің арқасында қол жеткізілді.

Қызмет көрсету саласында барлық негізгі салалар жақсы өсімді көрсетті.

Айталық, телекоммуникация мен байланыс нарығындағы өсім +18.1%-ды, ал саудада +19.4%-ды құрады: бөлшек саудалық сектор 20.8%-ға, ал көтерме саудалық сектор 18.8%-ға өсті. Салалардың үдемелік өсімін қаңтар оқиғасына байланысты өткен жылдың төмен базасының нәтижесімен түсіндіруге болады.

Бұл ретте мемлекет азаматтарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында ұлттық жобалар арқылы байланыс саласын дамытуға қолдау көрсетуде. Ал сауда саласы банктер тарапынан қолдау көрсету арқылы қолдау табуда.

Көлік және қоймаға жинап қою саласында ҰСБ деректеріне сәйкес әдістемелер қайта қаралды. Нәтижесінде қаңтарда өсім 7.9% деңгейінде болды (жаңа әдістеме бойынша өткен жылы +8.6% болған еді). Өсім жолаушы айналымының 49.3%-ға үдеуі және жолаушы тасымалдаудың 32.5%-ға өсуі арқасында қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың алғашқы аында кәсіпорындардың табыстары 371.5 млрд теңгені құрады.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Опережающий индикатор экономики (январь 2023) Опережающий индикатор экономики (январь 2023)
Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 қаңтар) Экономиканың озыңқы индикаторы (2023 қаңтар)
Leading indicator of economy (January 2023) Leading indicator of economy (January 2023)
Оқуды ұсынамыз
31 марта 2023

29 марта 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 марта 2023