Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылға болжамдар)

2022 жылдың қорытындылары бойынша ҚЭИ өсімі 3.5%-ды құрады. Желтоқсанда ҚЭИ өсу қарқыны +5.1%-ы болды. Бұл жақсы, қалпына келуші серпін.

2022 жылы экономиканың өсуіне негізгі үлес қосқан салалар – ауыл шаруашылығы, құрылыс және байланыс. Осы ретте дамуға ең кері әсер еткен сала – өнеркәсіп болды. Осылайша жыл соңына қарай қызмет көрсету саласы мен тауар өндіру секторының аздап қалпына келгендігі байқалды.
 
Ауыл шаруашылығы саласы 9.1%-ға өсті. Бұл рекорд. Бұған соңғы он жылда астық түсімінің ең жоғары болғаны арқасында қол жеткізілді. Бұл әрине, жиын-терім жұмыстарын мемлекет тарапынан қаржыландыру және лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникаларына қолжетімділіктің өсуі аясында орын алды.
 
Құрылыс саласы өзіндік құнның қымбаттағанына қарамастан, жыл соңына қарай айтарлықтай өсті. Нәтиже + 9.4%. 2022 жылы тұрғын үй құрылысы 13.7%-ға, тұрғын үй емес құрылыс 21.7%-ға және құрылысжайлар 9.7%-ға өсті. Біздің есебіміз бойынша мұндай өсімдерге ірі құрылыс жобалары, жөндеу жұмыстарының аяқталуы және ұзаққа созылған фискалды ынталандырулар арқасында қол жеткізілді.
 
Өткен жылы өнеркәсіп экономиканың бас ауруына айналды. Ірі кен орындарындағы жөндеу жұмыстары, Каспий құбыр желісі консорциумы жұмысындағы көптеген іркілістер және Ресейге қара металл жеткізу көлемінің азаюы салдарынан тау-кен өндірісі саласы сәуірден бастап, жыл соңына қарай 1%-ға төмендеді. Бір жыл ішінде мұнай өндіру 1.9%-ға, газ өндіру 1%-ға, темір кенін өндіру 20.6%-ға және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру 7.6%-ға төмендеп кетті. Өңдеуші өнеркәсіптің даму серпіні бәсеңдеп, жыл соңына қарай 3.4%-ға дейін төмендеді.

Өндірістің мына түрлерінде жұмыс қарқыны суына бастады: темекі бұйымдары өндірісі 11 ай ішінде с 9.8%-дан 7.9%-ға дейін, тоқыма бұйымдары өндірісі 8.1%-ден 5.3%-ға дейін, металлургия өндірісі 3.9%-ден 1.9%-ға дейін бәсеңдеді. 2021 жылмен салыстырғанда жиhаз өндірісі -10.7%-ға, фармацевтика өнімдері -10.3%-ға және сүт өнімдері -7.1%-ға төмендеп кетті.
 
Қызмет көрсету саласы бойынша телекоммуникация және байланыс нарығында жақсы өсім байқалды (+8.0%). Мұны телефон байланысы қызметі бәсеңдеса де, интернет қызметінің тез дамып жатқанымен түсіндіруге болады. Көлік және қоймалау саласы соңғы айлары жүк тасымалдаудың төмендеуіне және жүк айналымы өсімі қарқынының бәсеңдеуіне байланысты 2.8% және 1.0% деңгейінде сақталды.
 
Сауда саласында өсім байқалды. Ол жазғы-күзгі кезеңнен кейін, жыл қорытындысы бойынша 5.0%-ға өсті. Бөлшек сауданың өсу қарқыны 2.1%-ды, ал көтерме сауданың өсу қарқыны 6.3%-ды құрады. Өткен жылы экономикада инфляциялық қысым жоғары болды. Сол себептен салалар арасында трендтер өзгерді. Оларда азық-түлік тауарлары нарығы көтерме сегментке қайта бағдарланып қана қоймай, оларға деген сұраныс азайды. Осы ретте бөліп төлеу бағдарламаларының көбеюі және бөлшек саудалық кредит берудің артуы азық-түлікке жатпайтын тауарларға деген сұранысты арттырды.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Опережающий индикатор экономики (итоги 2022 года и ожидания на 2023) Опережающий индикатор экономики (итоги 2022 года и ожидания на 2023)
Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылға болжамдар) Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 жылдың қорытындылары және 2023 жылға болжамдар)
Leading indicator of economy (results of 2022 and expectations for 2023) Leading indicator of economy (results of 2022 and expectations for 2023)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023