Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 9 ай)

ҚЭИ өсу қарқыны төмендеуде: 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша +3.7%-дан, 9 ай ішінде +3.5%-ға дейін бәсеңдеді

Экономиканың 6 секторының 4-де: өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және қоймалауда өсу қарқынының төмендегені байқалады.

Өнеркәсіпте бәсеңдеу өңдеуші және тау-кен өндіру салаларын қамтыды. Соңғысы өткен жылдың деңгейінде қалды. Себеп: мұнайгаз және металлургия  салаларындағы проблемалар. Мұнай өндіру Қашаған мен Теңіздегі жөндеу жұмыстарына байланысты қысқарды. Ал металл өндіру жұмысы темір кендерін Ресейге жеткізу қиындықтарына байланысты бәсеңдеді.

Біздің пікірімізше құрылыс жұмыстарының бәсеңдеуіне құрылыс материалдарының қымбаттағаны, тұрғын үй құрылысына жұмсалатын инвестицияның қысқарғаны және ірі мемлекеттік жобалардың аяқталуы себеп болды.

Осы аралықта нақты сектордың түйткілді мәселелері қызмет көрсету саласына да әсер етеді. Мұнда сауда, көлік және қоймалау жұмыстары қысқарды. Ішкі сауда өсімінің +5.2%-дан +4.3%-ға дейін әлсіреуі азық-түлік бағаларының қымбаттағанына (қыркүйекте +22.2% ж/ж) және РФ-мен арадағы сауда-саттықтың оң сипаттағы есеңгіртеулерінің көмескілене бастауы себеп болса керек. Азық-түлік тауарларының сатылымы ақшалай көрсетілімде өсіп жатқандығына қарамастан, нақты табиғи көлемі қысқарып жатыр. Көтерме саудада керісінше азық-түлік тауарларының сатылымы өсуде. Бұл дегеніңіз сауда нарығының көтерме сегментке ойысып жатқандығын білдіреді.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Опережающий индикатор экономики (9 месяцев 2022) Опережающий индикатор экономики (9 месяцев 2022)
Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 9 ай) Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 9 ай)
Leading indicator of economy (9 months 2022) Leading indicator of economy (9 months 2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023