Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 жылдың 8 айы)

Соңғы деректер бойынша ҚЭИ бәсеңдеп жатыр: 1 тоқсанның қорытындысы бойынша +6.5%-дан 8 ай ішінде +3.7%-ға дейін бәсеңдеді.

Экономиканың басты секторлары өткен жылмен салыстырғанда өсуде. Бірақ өнеркәсіп пен сауда салаларында өткен айлармен салыстырғанда өсу қарқыны бәсеңдеген.

Өнеркәсіптің негізгі секторы тау-кен өндіру саласы. Дәл осы сектор қазір өнеркәсіптің өсу қарқынына кері әсер етіп жатыр. Бұл Қашағанда жоспардан тыс, ал Теңізде жоспарлы жөндеу жұмыстары себебінен мұнай өндірудің тоқтағанына байланысты болды. Сондай-ақ бұған ең ірі Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) жұмысындағы үнемі болып жатқан іркілістер де әсер етті. Өйткені бұл құбырмен сыртқа қазақ мұнайының басым бөлігі айдалады.

Алайда егер бұрын металл кенін өндіру мұнайгаз секторының мәселелерін жартылай болса да жауып жүрсе, қазір бұл салада да белгілі бір қиындықтар туындап жатыр.

Айталық, соңғы деректер бойынша кен өндіру бәсеңдеуде. Біздің пікірімізше бұл Қазақстаннан Ресейге қара металл, темір кендері және концентраттарды жеткізу көлемінің айтарлықтай азаюына байланысты болып отыр. Темір кендерін өндіру 15.5%-ға түсті.

Ішкі сауда өсімінің 6.2%-дан 5.2%-ға дейін түсуіне азық-түлік бағаларының өсуі (тамызда +20.8% ж/ж) және инфляциялық болжамдардың нашарлауы себеп болды.

Мұның барлығы адамдардың азық-түлікке едәуір көп ақша жұмсауына әкеп соғады. Сәйкесінше тұтыну қысқара береді. Өз кезегінде бөлшек сауда секторында азық-түлік тауарларының сатылу көлемі азаяды. Осы ретте ақшалай түрде ол өседі. Сонымен қатар көтерме саудада азық-түлік тауарларының сатылымы өсіп жатыр. Бұл сауда нарығының көтерме саудаға бет бұра бастағанын көрсетеді.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Опережающий индикатор экономики (8 месяцев 2022) Опережающий индикатор экономики (8 месяцев 2022)
Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 жылдың 8 айы) Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 жылдың 8 айы)
Leading indicator of economy (8 months 2022) Leading indicator of economy (8 months 2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023