Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 10 айы)

2022 жылдың 10 айы ішінде ҚЭИ өсімі біздің күткеніміздей бәсеңдеуін жалғастырып, 3.1%-ды құрады. 9 айдың ішінде өсім 3.5%-ға жетті.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі секторларында өсу қарқыны төмендеуде. Сонымен қатар өнеркәсіпте, саудада, көлік және қоймалауда өсу қарқыны бәсеңдедеді. Ал ауыл шаруашылығы мен байланыс керісінше өсті

Өнеркәсіптік секторда өсім бәсеңдеуде: тау-кен өндірісі саласы теріс аймаққа енді (-1%), өңдеуші саланың өсімі 4.6%-дан 4.3%-ға дейін түсті. Шикі мұнайды (-2.5%), табиғи газды (-1.5%), темір кенін (-18.5%) және басқа да пайдалы қазбаларды (-9.9%) өндіруде әр түрлі қиындықтар пайда болды.

Бұған дейін құрылыс саласы нарығында қызып кету жағдайы орын алған болатын. Енді бұл сала өзінің әлеуетті деңгейіне біртіндеп оралуда.

Өнеркәсіптегі мәселелер көрсетілетін қызметтер саласының жекелеген секторларына да әсер етуде. Айталық, ішкі сауда +4.3%-дан +4.1%-ға дейін бәсеңдеуін жалғастырды. Біздің болжауымызша бұған азық-түлік бағасының өсуі (қазан айында ж/ж +23.1%) және өткен жылдың жоғары базасы себеп болды. Көлік және қоймалауда өсім 4.8%-дан 3.9%-ға дейін салқындады. Ал бұған жүк тасымалының 2.9%-ға және жүк айналымының өсу қарқынының 3.0%-дан 2.5%-ға дейін түскендігі ықпал етті.

Осы ретте астық түсімінің жақсы болуының арқасында ауыл шаруашылығы саласының өсімі 8.2%-ға жетті.

Телекоммуникация және байланыс өз кезегінде озық түрде дамуып жатыр (+7.1%). Мұны Алматы мен Астанада интернет қызметі бағасының өскендігімен түсіндіруге болады.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Опережающий индикатор экономики (10 месяцев 2022) Опережающий индикатор экономики (10 месяцев 2022)
Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 10 айы) Экономиканың озыңқы индикаторы (2022 10 айы)
Leading indicator of economy (10 months 2022) Leading indicator of economy (10 months 2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023