Қазыналық саясатқа шолу (2022 қорытындылары)

2023 жылы қазыналық саясатты дамытудың тәуекелдері мен келешектері

Өткен жылдың сәуір-мамырында Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс салдарынан геосаяси шиеленіс ушыға түсті. Шикізат пен тауар жеткізу жолдарында және мұнай тасымалдауда әр түрлі кедергілер пайда болды. Осының барлығы экономикаға қосымша қолдау көрсету керектігін көрсетті. Соның нәтижесінде Үкімет 2022 жылға арналған бюджет бойынша жоспарды қайта қарап, шығыстарды көбейтті.
 
Шығыстарды өтеу үшін ҚР Ұлттық қорынан түсетін кепілді трансферттердің деңгейі (жоспарды+1.6 трлн теңгеге қайта қарау) және бюджеттің меншікті кірістері (+3.5 трлн теңгеге қайта қарау) қайта қаралды. Бұл ретте айта кетер жайт, мемлекттен қолдау көрсету қысқа мерзім ішінде ең алдымен сұраныстың артуына әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде экономикада инфляцияның бас көтеруіне әкеп соғады.
 
Жыл қорытындысы бойынша бюджет тапшылығы азайды. Бұған соңғы 5 жыл ішінде салық түсімдерінің рекордтық көлемде түсуі және бюджеттің шығыс бөлігі бойынша жоспарлардың аяғына дейін орындалмай қалғандығы себеп болды. Бюджетке сондай-ақ ҚР Ұлттық қорынан трансферттердің түсуі күшті ықпал етті.

Егер бұл түсімді есепке алмаса, бюджеттің мұнайды есептемегендегі тапшылығы тереңдеп, өткен жылдардағы тапшылықтардан да асып түсер еді.

Осылайша бір сөзбен айтқанда салық-бюджет саясатының одан әрі дамуы әдеттегідей сыртқы макроэкономикалық ахуалдарға және энергия қорларының (мұнай,газ, көмір ж.т.б) бағасына көп тәуелді.
 
Бұл ретте біздің ойымызша қазіргі таңда экономиканың әртүрлі салаларын дамыту бойынша әзірленіп жатқан жаңа тұжырымдамалар бюджеттің шығыс бөлігіне салмақ түсіре беретін болады. Әрине, бұл тұжырымдамалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған.
 
Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, мұнайдан түсетін түсімдердің үлесін азайту күрделі мәселе болып қала бермек. Өйткені бұған әлемдегі саяси/экономикалық шиеленістер әсер етері анық. Дегенмен бұл ізгі ниеттер 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте жоспарланған.

Бұл жағдай біздің пікірімізше ағымдағы жылы жоспарланған салық-бюджет саясатын атқаруда біршама айқынсыздық тудыруы мүмкін.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Обзор фискальной политики (итоги 2022) Обзор фискальной политики (итоги 2022)
Қазыналық саясатқа шолу (2022 қорытындылары) Қазыналық саясатқа шолу (2022 қорытындылары)
A Review of Fiscal Policy (2022 results) A Review of Fiscal Policy (2022 results)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023