Гендерлік теңдікке қол жеткізу адамзаттың тұрақты дамуының басты факторларының бірі болып саналады. Біз Қазақстанда әйелдер мен еркектердің жалақыларында қандай айырмашылық бар екендігін тексеріп көруді ұйғардық.
Ресми статистика бойынша 2022 жылы жалақылардағы алшақтық 18.5% болды (бір жыл бұрын – 21.7%). Жұмыспен толық қамтылған ерлердің орташа жалақысы 299 605 теңгені құрады (өткен жылмен салыстырғанда +6.5%), ал әйелдерде – 244 276 теңге (+11.0%).
Инфографикада көрініп тұрғанындай, Қазақстанның тек 3 өңірінде: Жамбыл (6.31%-ға), Солтүстік Қазақстан (5.91%-ға) және Түркістан (0.45%-ға) облыстарында ғана әйелдердің жалақылары ерлерге қарағанда жоғары. Бұл ретте ерлердің пайдасына қарай ең үлкен айырмашылық Атырау (41.08%-ға), Маңғыстау (37.07%-ға) және Қарағанды (29.9%-ға) облыстарында байқалды.
Егер әйелдер мен ерлердің жалақыларындағы айырмашылықты экономикалық қызмет түрлері бойынша қарайтын болсақ, ең үлкен айырмашылық қаржы және сақтандыру саласында байқалады. Мұнда ер азаматтардың жалақылары 33.46%-ға жоғары. Одан кейінгі орындарда өңдеуші өнеркәсіп (17.51%-ға), сондай-ақ көлік және қоймалау (16.59%-ға жоғары).
Экономиканың жалғыз секторы – білім саласында ғана әйелдердің жалақылары ерлерге қарағанда жоғары. Айырмашылық 5.68%-ды құрайды.
Экономика секторларының | Әйелдер | Ерлер | Әйелдер мен ерлер жалақы арақатынасы, % |
Қаржы және сақтандыру қызметі | 388 891 | 584 435 | 33.46% |
Өңдеуші өнеркәсіп | 277 088 | 335 923 | 17.51% |
Көлік және қоймалау | 264 274 | 316 832 | 16.59% |
Көтерме және бөлшек сауда | 222 011 | 259 253 | 14.37% |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі | 452 208 | 527 083 | 14.21% |
Ақпарат және баланыс | 331 367 | 381 371 | 13.11% |
Қызметтердің басқа түрлерін ұсыну | 370 849 | 417 988 | 11.28% |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру | 191 716 | 213 492 | 10.20% |
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету | 226 585 | 251 184 | 9.79% |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 249 281 | 272 821 | 8.63% |
Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар | 225 083 | 243 366 | 7.51% |
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет | 378 274 | 407 739 | 7.23% |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 151 725 | 162 964 | 6.90% |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 159 748 | 169 564 | 5.79% |
Құрылыс | 366 699 | 370 229 | 0.95% |
Білім беру | 234 506 | 221 898 | -5.68% |