Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 22 – 27 тамызы)

Өткен аптада теңге саудаланатын валюталарға қатысты өзінің нығайғандығын көрсетті. Теңге долларға қатысты 1.75%-ға нығайып, апта соңында бағам бір доллар үшін 468.10 теңгені құрады. Рубльге қатысты 2.23%-ға нығайып, бір рубль 7.89 теңге болды. Сондай-ақ юаньға қатысты 2.69%-ға – 68.12 теңгеге дейін және еуроға қатысты 2.83%-ға – 466.27 теңгеге дейін нығайды.

Осылайша тамыздың басынан бері ұлттық валюта долларға қатысты 1.88%-ға нығайып, жыл басынан бері 8.41%-ға әлсіреді.

Теңгенің долларға қатысты апталық құбылмалылығы өсті. Қарастырылып жатқан аптада ол 1.0%-ды құрады. Бұл бұған дейінгі аптаға қарағанда 0.9 п.т.-қа жоғары.

USDKZT жұбының сауда көлемі бұған дейінгі аптамен салыстырғанда үлкен салық аптасы есебінен 53.1%-ға ұлғайып, (2022 жылғы орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 22.4%-ға жоғары), 719.33 млн долларды құрады. Бұл ретте сауда көлемінің өсімі бұдан да жоғары болуы мүмкін еді. Экспорттаушылар ақша нарығында салық төлемдерін жүзеге асыру үшін ағымдағы бағам бойынша долларды сатудың орнына теңгелік өтімділікті тартуды жөн көрді. Қарастырылып жатқан аптада ақша нарығында сауда көлемінің өскендігі байқалды. Сонымен қатар апта ортасында TONIA мөлшерлемесі 15.25%-ға өсті. Бұған дейінгі аптада ол 13.5%-ды құраған болатын.

Jusan Analytics ой-пікірі

Апта барысында біз экспортқа шығарушылардың үлкен салық аптасының туындауына байланысты USDKZT жұбының сауда көлемінің артқандығын бақыладық. Бұл ретте теңге бағамының серпінінде ашық нығаю нышаны байқалған жоқ. Аптаның ортасына қарай теңге бағамы бір доллар үшін 461.98 теңгеге дейін нығайды. Бірақ аптаның соңына қарай бұл позициясынан айырылып, бір доллар үшін 468.1 теңгеге дейін әлсіреді. Валюта нарығында белсенділіктің артуымен қатар, ақша нарығында да сауда көлемі өсті. Мұны, біздің пікірімізше, экспортқа шығарушылардың валюталық түсімді ағымдағы бағам бойынша айырбастаудан жалтарғаны деп бағалауға болады. Өйткені олар ұлттық валютаның әлсірегенін күтті.

Ағымдағы ішкі экономикалық жағдайлар айырбас бағамының қазіргі деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Алайда сыртқы фактарлар ұлттық валютаға түсетін қысымның күшейіп жатқандығын көрсетеді. Сыртқы фактордардың өзгеруі теңгенің айырбас бағамының даму барысына сөзсіз әсер етеді. АҚШ ФРЖ-сының экономиканы салқындату бойынша сигналдарға қарамастан, монетарлық талаптарды қатаңдату ықтималдығы туралы риторикасы ғаламдық доллардың болжамды деңгейден де (қыркүйек-қарашаға арналған болжамымыз аздап түзетілді) жоғары өсуі мүмкін екендігін көрсетеді


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (22 – 27 августа 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (22 – 27 августа 2022 года)
Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 22 – 27 тамызы) Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 22 – 27 тамызы)
Weekly Forex Review (August 22 – 27, 2022) Weekly Forex Review (August 22 – 27, 2022)
Оқуды ұсынамыз
4 апреля 2023

4 апреля 2023

29 марта 2023