Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 18-22 шілдесі)

Өткен аптада ұлттық валютаның басқа да сатылатын валюталарға қатысты әлсіреуі одан әрі жалғасты. Теңге АҚШ долларына қатысты 0.73%-ға – 483.88 теңгеге дейін, Ресей рубліне қатысты 0.24%-ға – 8.37 теңгеге дейін әлсіреді. Шілденің басынан бері теңге долларға қатысты 2.88%-ға әлсіреп, рубльге қатысты 6.79%-ға нығайды (сәйкесінше жыл басынан бері 12.06% және 45.31%).

Қарастырылып жатқан кезеңде USDKZT жұбының құбылмалылығы айтарлықтай төмендеді. Өйткені бір реттік шоктар болған жоқ. Бұл ретте биржада теңгенің әлсіреуі бұрнағы аптамен салыстырғанда аз сауда көлемі аясында орын алды.

Нақты айтар болсақ, өткен аптада USDKZT жұбының сауда көлемі оған дейінгі аптамен салыстырғанда 1.3%-ға төмендеп, 627.37 млн долларды құрады. Алайда 2022 жылдың орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда көлем 7.3%-ға артты.

Jusan Analytics ой-пікірі

Сыртқы бірқалыпты жағымсыз жағдаят теңгенің одан әрі әлсіреуіне ықпал етуде. Алайда оған негізгі қысымды доллардың мықты жайғасымы және рецессиядан қауіптенген инвесторлардың тәуекел-тәбеті көрсетуде. Мұнай нарығының ағымдағы серпіні әткеншектің тербелісін елестетеді: біресе ұсыныс тапшылығы, біресе сұраныс қауіп алға шығады.

Біздің пікірімізше, алдағы қысқа мерзімде ұлттық валютаның әлсіреуі тоқтайды деп айтуға негіз жоқ: доллар шамамен 485 теңге көлемінде сатыла бермек.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (18-22 июля 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (18-22 июля 2022 года)
Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 18-22 шілдесі) Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 18-22 шілдесі)
Weekly Forex Review (July 18-22, 2022) Weekly Forex Review (July 18-22, 2022)
Оқуды ұсынамыз
4 апреля 2023

4 апреля 2023

29 марта 2023