Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 12 – 19 тамызы)

Теңге бағамы өткен аптадағы секілді долларға қатысты анау айтқандай өзгерген жоқ. Апта соңына қарай бағам бір доллар үшін 476.43 теңгені құрады. Теңге Ресей валютасына қатысты бір рубль үшін 8.07 теңгеге дейін әлсіреді. Бұл ретте юаньға қатысты 0.91%-ға нығайды. Тамыздың басынан бері ұлттық валюта долларға қатысты 0.14%-ға, ал жыл басынан бері 10.34%-ға әлсіреді.

Теңгенің долларға қатысты апталық құбылмалылығы 0.1%-ды (бұған дейінгі аптаға қатысты -0.1 п.т.-қа төмен), рубльге қатысты – 1.6%-ды (бұған дейінгі аптаға қатысты 0.8 п.т.-қа жоғары) құрады.

USDKZT жұбының сауда көлемі бұған дейінгі аптамен салыстырғанда 23.06%-ға қысқарып (2022 жылғы орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 17.17%-ға төмен), 482.49 млн долларды құрады.

Теңге индексі

Қаралып жатқан аптада Теңге индексі (KZTX JA) 0.3%-ға нығайып, 78.7 пунктті құрады. Индекстің жыл басынан бері 13.3%-ға әлсіреуі теңгенің сатып алу қабілетінің оны естептеу үшін таңдап алынған валюталарға қатысты төмендеп жатқандығын растайды.

Индекстің деректері бойынша теңгенің жайғасымы доллар индексі бағамының бір мезетте көтерілгеніне (2.4%-ға – 108.17 пунктке дейін нығайды) және мұнай бағасының түскеніне қарамастан (бір аптада 1.5%-ға төмендеді) нығайды. Осылайша ұлттық валютаның ағымдағы бағамына нарықтың сыртқы жағдаяты емес, ішкі валюта нарығына қатысушылардың болжамы, валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және басқа да іргелі ішкі факторлар айтарлықтай ықпал етеді.

Jusan Analytics ой-пікірі

Әлемнің жетекші экономикаларының монетарлық талаптарды өктем түрде қатаңдата бастауына қатысты және ғаламдық экономиканың келешегіне қатысты қорқыныш сезімінің күшейуі дамушы елдердің валюталарына елеулі түрде қысым көрсетуде және олардың құбылмалылығының артуына әкеп соғуы тиіс. Сондықтан теңгенің нығая түсуі және бір мезгілде оның басқа шетелдік валюталарға қатысты ауытқу ауқымының тарыла бастауы сұрақтар тудырады.

«Қара алтын» бағасының қымбаттауы және қазақстандық мұнайды өндіру көлемінің артуы елімізге келетін валюталық түсімдердің артуына әкеп соқты. Бұл әрине, теңге бағамына оң әсер етті және нарыққа қатысушылардың валюталық болжамдарына сенімділік сыйлады. Осылайша әрбір үлкен салық аптасы басқа факторлардың серпініне қарамастан, теңгенің нығаюына елеулі түрде ықпал ететін болады. Мұндай шоктар валюта нарығына айқынсыздық енгізе отырып, оның тиімділігін төмендетеді.

Қысқа мерзімді келешекте біздің болжамымыз бойынша ұлттық валюта бір доллар үшін 462-467 долларға дейін нығайып, кейін 470 теңге деңгейінде тұрақталады. Ұзақ мерзімді келешекте инфляцияның ықпалын, нақты мөлшерлеменің нөлдік деңгейде болуын және америкалық валюта тарапынан болатын қысымды ескере отырып болжайтын болсақ, теңгенің бағамы бір доллар үшін 472-477 теңге деңгейінде болады.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (12 – 19 августа 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (12 – 19 августа 2022 года)
Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 12 – 19 тамызы) Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 12 – 19 тамызы)
Weekly Forex Review (August 12 – 19, 2022) Weekly Forex Review (August 12 – 19, 2022)
Оқуды ұсынамыз
4 Сәуір 2023

4 Сәуір 2023

29 Наурыз 2023