Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 11-15 шілдесі)

Өткен аптада ұлттық валютамыздың барлық сатылатын валюталарға қатысты төмендеуі жалғасты. Бір аптаның ішінде теңге АҚШ долларына қатысты 1.15%-ға – 480.37 теңгеге дейін, Ресей рубліне қатысты 8.16%-ға – 8.35 теңгеге дейін әлсіреді. Шілденің басынан бері теңге долларға қатысты 2.13%-ға әлсіреп, рубльге қатысты 7.2%-ға нығайды (сәйкесінше жыл басынан бері 11.25% және 44.97%).

Өткен аптада USDKZT жұбының құбылмалылығы аздап күшейді.  Атап өту керек, сауда күні барысында теңге кең көлемді ұсыныстардың жоқтығынан әлсіздене бастайды да, кейін көлемді ұсыныстар пайда болған шақта керісінше нығая бастайды. Соның нәтижесінде сауда күні барысында теңге бағамының күрт өзгеретіндігін және сауда көлемдерінің үйлесімсіздігін байқауға болады.

Өткен аптада USDKZT жұбы бойынша сауда көлемі бұрнағы аптамен салыстырғанда 57.6%-ға жоғарылып, (2022 жылдың орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 7.0%-ға жоғары), 635 млн долларды құрады.

Jusan Analytics ой-пікірі

Мына іргелі жағдайлар: экспортқа шығарылатын негізгі шикізаттық тауарлар бойынша бағалар, доллардың жалпыәлемдік сипатта нығаюы, импорттың өсуі және экономикалық белсенділіктің артуына байланысты капиталдың жылыстауы теңгенің әлсіреуіне ықпал етеді. Нарыққа қатысушылар ішкі және сыртқы жағдайларды қайта бағалап шықты. Міне, осылардың барлығы теңге бағамын әлсірете береді. Халықтың инфляциялық болжамы және теңгелік активтердің тартымдылығының төмендеуі де теңге бағамының әлсіреуіне ықпал етеді. Теңгелік активтер бойынша мөлшерлемелерді көтермесе және инфляциялық болжамдарды тұрақтындырмаса, теңгеге түсірілетін қысым одан әрі жалғаса бермек. Әсіресе сыртқы факторлар жағымсыз сипат алған сайын, қысым да күшейе түседі.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (11-15 июля 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (11-15 июля 2022 года)
Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 11-15 шілдесі) Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 11-15 шілдесі)
Weekly Forex Review (July 11-15, 2022) Weekly Forex Review (July 11-15, 2022)
Оқуды ұсынамыз
4 апреля 2023

4 апреля 2023

29 марта 2023