Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 1-5 тамызы)

Теңге апта барысында қытайлық юаньды қоспағанда (0.01%-ға нығайды), барлық сатылатын валюталарға қатысты аздап әлсіздік танытты. Ұлттық валюта АҚШ долларына қатысты 0.19%-ға – 477.98 теңгеге дейін, Ресей рубліне қатысты 2.32%-ға – 7.93 теңгеге дейін, ал еуроға қатысты 0.45%-ға – 488.93 теңгеге дейін әлсіреді. Жыл басынан бері теңге долларға қатысты 10.69%-ға, рубльге қатысты 37.67%-ға, юаньға қатысты 4.15%-ға әлсіреп, еуроға қатысты 0.03%-ға нығайды.

Тамыздың алғашқы аптасында теңгенің долларға және рубльге қатысты айырбас бағамының құбылмалылық деңгейінің төмендеуі жалғасты. Бұл шілде айының соңында басталған еді. Теңге бағамының долларға қатысты апталық құбылмалылығы 0.3%-ды (бұған дейінгі аптаға қатысты -0.1 п.т., шілдедегі айлық құбылмалылыққа қатысты -1.0 п.т.), рубльге қатысты 2.3%-ды (сәйкесінше -0.1п.т. және -2.0п.т.).

USDKZT жұбының сауда көлемі бұған дейінгі аптамен салыстырғанда  23.06%-ға қысқарып (2022 жылғы орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 17.17%-ға төмен), 482.49 млн долларды құрады.

Jusan Analytics-тің ой-пікірі

Апта барысында іргелі факторлардың өзгеруіне қатысты айырбас бағамы тарапынан ықпалдың төмендегені байқалды. Ішкі және сыртқы жағдаяттардың елеулі түрде өзгергеніне қарамастан, теңге бағамы бұрынғы деңгейінде сақталуда.

Бұл ретте соңғы уақытта мұнай бағасының апта бойы түсуі, Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстары және Қашаған кен орнында мұнай өндірудің тоқтауына байланысты Теңіз-Новороссийск құбыр желісі арқылы мұнай айдаудың азайғаны теңге бағамына ешқандай да әсер етпеді.

Жалпы экономикаға ішкі және сыртқы дүмпулердің соққысын өзіне сіңіруші құрал ретінде теңгенің айырбас бағамының ықпалы аздап басқа арнаға ығысқаны байқалады. Бұл валюта нарығына қатысушылар тарапынан ден қоюдың қалыс қалып жатқандығын болар. Оларда соңғы кезде бағам белгілеуге қатысты негативті көзқарастан көрі негізсіз оптимистік көзқарас байқалуда. Бағам белгілеуде байқалып жатқан теңгерімсіздіктерге байланысты ішкі валюта нарығын тиімді деп айту қиын. Сондықтан біз алдағы уақытта үлкен құбылмалылықтардың болатындығын және доллардың теңгеге қатысты жайғасымы нығая түсетіндігін күтеміз.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (1 – 5 августа 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (1 – 5 августа 2022 года)
Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 1-5 тамызы) Валюта нарығына апталық шолу (2022 жылдың 1-5 тамызы)
Weekly Forex Review (August 1 – 5, 2022) Weekly Forex Review (August 1 – 5, 2022)
Оқуды ұсынамыз
4 апреля 2023

4 апреля 2023

29 марта 2023