Кредиттер серпіні (2022, 2022 шілде)

Инфографика. Деректер көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Төменде РЕПО қарыздарын қоспағанда, банк жүйесіндегі несиелік портфельдің даму серпініне арналған интерактивті дашбордтар орналастырылған. Қарап шығуға қолайлы болуы үшін браузердің десктоптық нұсқасын қолдануды немесе мобильді нұсқадан “ДК-ге (ПК) арналған нұсқаға” өтуді ұсынамыз. Теңшеуді мобильді браузердің мәзірінен табуға болады – ол оң жақ бұрыштағы үш нүкте.

Графикаларда екінші деңгейдегі банктер мен топ-10 банк бойынша несиелік портфельдің (мөлшері бойынша) өзгерісі көрсетілген: кредиттердің жалпы динамикасы, абсолюттік және пайыздық өзгеріс.

Сондай-ақ парақшада кредиттік әлеует, капиталдың жеткіліктілігі, проблемалық берешекті провизиялау, NPL90+ деңгейінің динамикасы, тәуекел құнының есебі және кредиттердің табыстылығы секілді графикалар орналастырылған. Jusan Analytics командасы графиканы ҚРҰБ сайтында өзекті ақпаратттың шығуына қарай жаңартып отырады.

Әрбір графикада интерактивті элементтер бар. Мысалы, тиісті кезеңді баса отырып, оны жасырып, бір ай ішіндегі немесе жыл басынан бергі динамикамен жеке-жеке танысып шығуға болады. Әдепкі қалып бойынша графикаларда екі кезең де ұсынылған. Әрбір графиканың оң жақ жоғарғы бұрышында интерактивті бургер мәзір орналасқан. Сіз одан қарап шығудың әр түрлі әдістерін, оның ішінде кестелік сипатын, сондай-ақ графиканы жүктеу немесе қағазға басып шығару әдісін таңдай аласыз.

 

 

Банктің кредиттік әлеуеті – бұл қаржы институтының несиелік портфельді капиталының деңгейі мен өтімділік қорына зиян келтірмейтіндей ұлғайту қабілеті. Кредиттік әлеуеттің төмен деңгейі дегеніміз – банктің өзінің капиталы мен өтімділігі үшін тәуекелді күшейтпей несиелік портфелін ұлғайта алмауы.

 

 

 

* шығарындыларды есепке алмағанда

 

 

* шығарындыларды есепке алмағанда
Тәуекел құны жылдық есепте РЕПО бойынша операцияларды есепке алмай, жасалған провизиялардың (жасалғандар минус қалпына келтірілгендер) кредиттік портфельдің брутто сомасына бөлінген нетто сомасы ретінде есептеледі. Тәуекел құнының жоғары деңгейіне қарап, банктің провизия жасау бойынша саясатының консервативтік сипатта екендігін және несиелік портфельді сауықтыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатқандығын түсінуге болады. Төмен деңгейі несиелік портфельдің сапасы оптимистік сипатта және проблемалығы шамалы деңгейде екендігін білдіреді. Ал теріс мәні қалпына келтірілген провизиялардың проблемалық қарыздарды жақсарту немесе қайта қаржыландыруға байланысты қайта сыныптау нәтижесі бойынша жасалған проблемалық қарыздардан асып кетуін көрсетеді.

 

* шығарындыларды есепке алмағанда
Кредиттердің табыстылығы РЕПО бойынша операцияларды есепке алмастан, кредиттер бойынша пайыздық табыстарды жиынтық несиелік портфельге бөлу арқылы есептеледі. Коэффициент табыстылықты көрсетеді. Табыстылық банкке несиелік портфельден түседі.

Оқуды ұсынамыз
1 марта 2023

11 января 2023

Инфографика. Деректер көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

5 декабря 2022

Дереккөз: ҚР ҚМ, Jusan Analytics есептеулері