Ол экономиканың қысқа мерзімді циклдің қай фазасында екенін түсінуге және экономикалық агенттердің ықтимал әрекеттерін және тиісті факторлардың (инфляция, валюта бағамы, іскерлік белсенділік, мөлшерлеме) қозғалысын болжауға мүмкіндік береді..
Дэшборд нәтижесі бойынша қарашада 30 фактордың 20-сы экономиканың қызып тұрғанын көрсетті. Талдау 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы шарттар. Сондай-ақ ҚРҰБ баспасөз хабарламасына семантикалық талдау жүргізілді.
Өткен дэшбордпен салыстырғанда инфляция блогындағы 1 көрсеткіш қызу аймағына өтіп кетті. Бағаларға қатысты факторлардың қызуы көтеріліп жатыр. Ал іскерлік белсенділік пен экономиканың өсімі керісінше суынып-ақ кетті. Не керек, стагфляцияның туындау қаупі артуда. Соның себебінен бюджеттік шығындар да артуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда пайыздық мөлшерлемені шектен тыс көтеру бюджет тапшылығын арттыруы мүмкін. Ал егер бюджет тапшылығы артатын болса, ол инфляцияны бақылауда ұстауды қиындатып жібереді. Ішкі экономиканың даму келешегіне қатысты қауіп-қатерлерді ескерер болсақ, орнықты өсім мен тұрақты инфляцияны қамтамасыз етуде басты мәселе – ол шешімдерді өте байыппен қабылдау, сондай-ақ бюджеттік және ақша-несие саясатының өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа