Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалауға арналған дэшборд (2022.02.09.)

Jusan Analytics командасы 2022 жылдың шілдесінде ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалауға арналған дэшбордты әзірлеп шығарған болатын.

Ол экономиканың қысқа мерзімді циклдің қай фазасында екенін түсінуге және экономикалық агенттердің ықтимал әрекеттерін және тиісті факторлардың (инфляция, валюта бағамы, іскерлік белсенділік, мөлшерлеме) қозғалысын болжауға мүмкіндік береді.

Дэшборд нәтижесі бойынша 29 фактордың 19-ысы экономиканың тұрақты түрде қызып тұрғанын көрсетеді. Талдау 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы жағдайлар. Сондай-ақ ҚРҰБ баспасөз-релизіне семантикалық талдау жүргізілді

Бұған дейінгі дэшбордпен салыстырғанда инфляция блогындағы 1-ші көрсеткіш және монетарлық жағдайлар блогындағы 2-ші көрсеткіш суыну аймағына өтті. Алайда бұған дейін бақылауға алынған көрсеткіштердегі «қызып кету» белгілері Үкімет пен ҚРҰБ жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдаулары керектігін білдіреді. Біз ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің келесі отырысында базалық мөлшерлеменің одан әрі көтерілетінін күтеміз.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Дэшборд по оценке текущей экономической активности (02.09.2022) Дэшборд по оценке текущей экономической активности (02.09.2022)
Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалауға арналған дэшборд (2022.02.09.) Ағымдағы экономикалық белсенділікті бағалауға арналған дэшборд (2022.02.09.)
Dashboard for assessing current economic activity (09/02/2022) Dashboard for assessing current economic activity (09/02/2022)
Оқуды ұсынамыз
31 Наурыз 2023

29 Наурыз 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 Наурыз 2023