Ол экономиканың қысқа мерзімді циклдің қай фазасында екенін түсінуге және экономикалық агенттердің ықтимал әрекеттерін және тиісті факторлардың (инфляция, валюта бағамы, іскерлік белсенділік, мөлшерлеме) қозғалысын болжауға мүмкіндік береді.
Дэшборд нәтижесі бойынша 29 фактордың 19-ысы экономиканың тұрақты түрде қызып тұрғанын көрсетеді. Талдау 4 блок бойынша жүргізілді: инфляция, сондай-ақ монетарлық, экономикалық және сыртқы жағдайлар. Сондай-ақ ҚРҰБ баспасөз-релизіне семантикалық талдау жүргізілді
Бұған дейінгі дэшбордпен салыстырғанда инфляция блогындағы 1-ші көрсеткіш және монетарлық жағдайлар блогындағы 2-ші көрсеткіш суыну аймағына өтті. Алайда бұған дейін бақылауға алынған көрсеткіштердегі «қызып кету» белгілері Үкімет пен ҚРҰБ жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдаулары керектігін білдіреді. Біз ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің келесі отырысында базалық мөлшерлеменің одан әрі көтерілетінін күтеміз.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз
Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа