Баға барометрі (2022 мамыр)

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

Негізгі тұжырымдар

 

Мамыр айында елімізде жылдық инфляция 14.0%-ға дейін өсті. Бағаның қымбаттағаны тұтыну себетінің барлық бөлігінде байқалды, көп үлес қосқан азық-түлік бөлігі болдыҚазір ТБИ азық-түліктік бөлігінің өсімі төмендегендіктен, айлық тұтыну инфляциясының өсу қарқыны да бәсеңдеді
Инфляцияның өсуіне мынадай сыртқы факторлар әсер етуде: Украинадағы әскери қақтығыс аясында энергия тасымалдаушыларға, азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты әлемдік бағалардың өскендігіАзық-түліктік емес инфляцияның өсуіне импорттық тауарлар бағасының өсуі себеп болды. Бұл қымбаттау – енгізілген шектеулер, тауарларды жеткізу тізбегінде бағаның өсуі және өндіріс тізбегіндегі іркілістердің салдарынан орын алды
Инфляцияның ішкі триггері (қозғаушы күші) ретінде инфляцияның өсетіндігі туралы халықтың болжамын, Үкіметтің жұмсақ бюджеттік саясатының шараларын және ішкі тұтынудың импортқа айтарлықтай тәуелді екендігін айтуға боладыРеттелетін коммуналдық қызметтерге қатысты тарифтердің қымбаттауына мемлекет тарапынан мараторий жарияланғаны және сұйытылған табиғи газ бағасын реттеу – инфляцияны ауыздықтауға оң әсерін тигізуде
Ел өңірлері тұрғысынан алып қарағанда, 2022 жылдың мамыр айында бүкіл еліміз бойынша инфляция өсімінің орташа мәнінен асып жығылатын, ең жоғары инфляция қарқыны 4 өңірде байқалдыІшкі инфляцияның одан әрі өршуіне ықпал ететін басты қауіп-қатерлер – жалпы әлемдік инфляциялық ахуал және геосаяси қақтығысқа қатысты жағдайдың белгісіздігі
Егер қосымша жағымсыз жайттер орын алмаса, біздің болжауымызша инфляция биылғы жылдың соңына қарай 14-15% шамасында болады.  Дегенмен әлемдік тауар нарықтарында сұраныс пен ұсыныс арасында үйлесімсіздіктің пайда болуы, әріптес елдерден инфляцияның келуі және елімізде бюджеттік саясаттың жұмсақ болуы салдарынан келетін елеулі тәуекелдер, қатерлер барБағалардың өсуінің негізгі драйвері – азық-түлік инфляциясы болып қала бермек.  Қазіргі жағдайда бұл болжамдар өзінің қалыпты диапазоннан асатын белгісіздігімен, яғни айқын еместігімен сипатталады
2021 жылдың маусым-тамызында көкөністер пен жемістер  бағасының шектен тыс қымбаттап кеткендігі 2022 жылы да осы тауарлар бағасының бірқалыпты сипатта өсуіне ықпал ететін болады. Бұл өткен жылдың жоғары базасы нәтижесінің әсерімен түсіндіріледі

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Ценовой барометр (май 2022) Ценовой барометр (май 2022)
Баға барометрі (2022 мамыр) Баға барометрі (2022 мамыр)
Оқуды ұсынамыз
31 марта 2023

29 марта 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 марта 2023