Jusan Analytics Дастархан индексінің географиясын кеңейтті

Көктемгі Наурыз мейрамы қарсаңында біз әлемнің әртүрлі қалаларындағы тұрғындардың сатып алу қабілетін бағалауды ұйғардық. Сөйтіп барлығын Дастархан индексінің ғаламдық нұсқасына – Global Dastarkhan Index-ке (GDI) біріктірдік.

Еске саламыз: Индекс қала тұрғыны орташа жалақыға қанша Дастархан порциясын (сорпа, етауқат, көкөніс салаты, бір сыбаға бауырсақ, жент және сүтті шай) сатып ала алатындығын көрсетеді. Тағамдардың мұндай топтамасы, дәлірек айтсақ, осы тамақтарды әзірлеуге арналған 17 түрлі өнім біздің пікірімізше, азық-түлік себетінің едәуір бөлігін қамтиды.

GDI-ды түзіп шығу үшін біз әлемнің 32 қаласы бойынша ашық дереккөздерден (бағалар мен орташа жалақы) 2023 жылдың қаңтарына қатысты деректерді, Астана мен Алматы бойынша Jusan big-data деректері мен ресми статистиканы пайдаландық.

Айталық, Вашингтон мен Нью-Йорк түрғындары саны бойынша ең көп Дастархан порциясына қол жеткізе алады екен: сәйкесінше 614 және 504. Ал ең аз порция Мысыр (Александрия – 45 порция) мен Қырғызстанның (Ош – 39 порция) ірі қалаларының тұрғындарына тиесілі.

Порциялар санының мұншалықты ауқымды болу себебі – бұл елерде жалақыға байланысты айырмашылық үлкен, сондай-ақ Азық-түлік қауіпсіздігі индексі де әрқалай. Бұл Индекс азық-түлік бағасына тікелей ықпал етеді. Мысалы, Нью-Йоркте жалақы Каирге қарағанда 35 есе жоғары. Алайда Дастархан үшін америкалық қаладағы азық-түлік себетінің бағасы 3.5 есеге ғана артық.

Егер қалаларымыздағы тұрғындардың сатып алу қабілетін шетелдіктермен салыстырар болсақ, онда астаналық тұрғын Прага тұрғынынан аздап қана кем түседі (айырмашылық – 10 Дастархан порциясы). Ал Алматы тұрғыны Сеул қаласының тұрғынын басып озады (айырмашылық – 34 порция) және Пусан қаласының тұрғынымен бірдей деңгейде деуге болады (айырмашылық – бар болғаны 2 порция). Осылайша отандастарымыздың сатып алу қабілеті Оңтүстік Корея, Қытай және Чехия секілді елдердің қалалық тұрғындарына жақын деп, тұжырым жасауға болады.

Оқуды ұсынамыз
20 Наурыз 2023

14 Наурыз 2023

16 Ақпан 2023