Баға барометрі (2022 маусым)

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

Негізгі тұжырымдар

 

Ресми деректер бойынша маусым айында жылдық инфляция өзінің үдетуін жалғастырып, 14.5%-ды құрады. Өйткені бағаларды тежеу бойынша мемлекеттік шараларға қарамастан, Тұтыну бағалары индексінің (ТБИ) барлық құрамы қымбаттадыМаусым айында тұрғындардың инфляция туралы болжамы көңілсіз сипатта болды. ҚРҰБ деректері бойынша инфляциялық болжамды бағалау алдын ала бір жыл бойынша 14.8%-ды (мамырда – 11.7%) құрады
Ағымдағы жағдайдың ерекшелігі сондай, ол ҚРҰБ болжамдық диапазоны белгіленген межеден (13.0-15.0%) шығып кету және тұтыну бағаларының тым ұзақ уақыт жоғары деңгейде сақталу қаупін тудырадыӘлемдік нарықтарда бағалардың уақытша төмендегені байқалғанымен, сыртқы факторлар оның өсуіне әлі де ықпал ете алады
Жаз мезгілінде көкөністер пен жемістердің бағасы арзандайды деген болжамға қарамастан, азық-түлік қоржынындағы барлық тауарлардың бағасы өсіп жатыр. Азық-түлік қоржынының өсуіне әсіресе қант пен дәнді дақылдардың бағалары әсер етудеТауар жеткізу жолдарының бұзылуы, қайта қалыптасуы, теңгенің әлсіреуі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсіп кетуіне әсер етеді
Ақылы қызметтердің қымбаттауы оған деген сұраныстың артуына және жазғы еңбек демалыстарына байланысты өткен жылға қатысты өсім де 2021 жылы жазда енгізілген бірқатар карантиндік шараларға байланысты екені даусызБарған сайын күшейіп бара жатқан инфляциялық қысымды тежеу және ұлттық валютаның тартымдылығын арттыру үшін ҚРҰБ базалық мөлшерлемені біртіндеп, бірқалыпты деңгейде көтергені абзал
Осы ағымдағы жағдайда монетарлық ахуалды қатаңдатуға алғышарттар бар. ҚРҰБ бұл туралы ағымдағы жылы сәуір айының соңында базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау барысында хабарлған болатын

Тәуекелдер мен келешек

  • Ұзаққа созылған геосаяси жанжал, Ресейге қарсы ауыр санкциялар тауар жеткізу ісіне қиындықтар тудыруда. Бұл өз кезегінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өндірісі мен логистикасы бағаларының өсуіне әкеп соғады;
  • доллар индексінің өсуі себебінен теңгенің әлсіреуі, әлемдегі жетекші экономикалардың монетарлық талаптарды қатаңдатуы тұтыну бағалары индексі қоржынына кіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әрі қарай қымбаттауына негіз болады;
  • Ішкі инфляциялық үдерістер оның ішінде фискалдық ынталандырулар арқасында күшейе береді. Фискалды ынталандыру шаралары ел ішінде экономикалық белсенділіктің төмендегені/бәсеңдегені байқалмаса да қолданылып жатыр;
  • Бағалардың өсуін тежеу бойынша қабылданған әкімшілік шараларға қарамастан инфляцияның үдейтіндігіне қатысты халықтың ішкі түйсігі күшейе береді. Адамдар жүзеге асырылып жатқан шаралардың уақытша сипатқа ие екендігін түсінеді;
  • Шілде айының басында Табиғи монополияларды реттеу бойынша комитет басшысының жасаған мәліметінше қазақстандықтар жылдың соңына дейін электр қуаты тарифтерінің 10-15%-ға өсетіндігін күте берулеріне болады. Мораторий аяқталған соң коммуналдық қызметтер бағасының өсетіндігі сервистік инфляцияның өсуіне тікелей әсер ететін болады. Сөйтіп өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құндарының қымбаттауына ықпал етеді.

Біздің пікірімізше, жақын болашақта ішкі және сыртқы нарықтарда инфляциялық сипаттағы ахуалды еңсеретіндей алғышарттар табыла қоймайды. Ағымдағы жағдайда біздің болжамымыз бойынша инфляция әрі қарай үдейді және оның деңгейі ҚРҰБ 2022 жылдың маусымында ұсынған болжамдық мәндерінен жоғары болады. Осы айтылған факторлар мен тәуекелдер монетарлық талаптардың одан әрі қатаңдатуға алғышарттар болып табылды. ҚРҰБ монетарлық саясатты қатаңдату бойынша ағымдағы жылдың сәуірінде базалық мөлшерлеме бойынша қабылдаған шешімінде мәлімдеген болатын.

Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Ценовой барометр (июнь 2022) Ценовой барометр (июнь 2022)
Баға барометрі (2022 маусым) Баға барометрі (2022 маусым)
Оқуды ұсынамыз
31 марта 2023

29 марта 2023

Инфляцияға ай сайынғы шолу: себептер, компоненттер, болжа

27 марта 2023