Валюта жетілігі (2023.30.01-2023.03.02)

Теңге өткен аптада бірқатар сыртқы жағымсыз факторларға қарамастан, рубльге және долларға қатысты біршама нығайды. Доллар индексі АҚШ ФРЖ-сының негізгі мөлшерлемені 25 б.п.-ке көтеру туралы шешімінен кейін төмендеді. Алайда еңбек нарығы бойынша мықты статистиканың арқасында доллар индексі аптаның соңына қарай 102.9 деңгейінде жабылды.

Мұнай бағасы да бір баррель үшін 86.7-ден 79.9 долларға дейін түсті. Әлемнің жетекші орталық банктерінің мөлшерлемелерді көтеруі және сарапшылардың Қытай тарапынан энергия ресурстарына сұраныс қайта қалпына келер, деген үмітінің ақталмай жатуы апта барысында бағалардың төмендеуіне қатты әсер етті. Апта соңында АҚШ-тың қуат қорлары бойынша деректер жарық көрді: сарапшылардың көпшілігі мұнай қоры 1 млн баррельге азаяды деп болжаған еді, алайда өткен аптада АҚШ мұнайының коммерциялық қоры 4.14 млн баррельге көбейіп, 452.69 млн баррельді құрады. Бұл мұнай бағасын бір баррель үшін 79.9 долларға дейін түсіріп жіберді.

Апта соңында рубль АҚШ долларына қатысты нығайды. Бұған РФ Қаржы министрлігінің шетел валютасын жалпы көлемі 160.2 млрд рубльге сататындығы туралы мәлімдемесі әсер етті. Қазір күнделікті сату көлемі – 8.9 млрд рубль. Алдағы аптада бағам желісі мына факторларға байланысты болады: Ресейден ЕО-ға шығарылатын мұнай өнімдері бағасына шек қою, Қытай тарапынан энергия қорларына деген сұраныстың қалпына келуі және өткен аптада барлығынан бұрын көп әсер еткен бірқатар ішкі факторлар.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Валютный еженедельник (30.01-03.02.2023) Валютный еженедельник (30.01-03.02.2023)
Валюта жетілігі (2023.30.01-2023.03.02) Валюта жетілігі (2023.30.01-2023.03.02)
Weekly Forex Review (01/30/2023-02/03/2023) Weekly Forex Review (01/30/2023-02/03/2023)
Оқуды ұсынамыз
4 апреля 2023

4 апреля 2023

29 марта 2023