Өткен аптада теңге 2.3%-ға нығайып, бағамы бір доллар үшін 451.7 теңгені құрады. Бұл ретте наурызда орташа өлшенген бағам бір доллар үшін 449.99 теңгеге тең болды. Мұнай бағасының өсуі де ұлттық валютаға мықты қолдау болуда. Біздің пікірімізше ол нарықтық көңіл-күйдің басым бөлігін алып жатыр.
Айталық, апта ішінде мұнай бағасы бір баррель үшін 79.8 долларға дейін нығайды. Аптаның басында Ирак пен Ирак Күрдістаны арасындағы келіспеушілік салдарынан күрд мұнайын Түркияның Джейхан порты арқылы экспорттау уақытша тоқтатылды. Бұл ретте АҚШ мұнайының коммерциялық қоры туралы статистикалық деректер де қосымша факторға айналды: АҚШ мұнайы 7.5 млн баррельге дейін төмендеді. Ал аптаның соңында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің мұнай өндіруді биыл мамырдан желтоқсанға дейін қысқартатыны туралы жаңалық шықты. Жалпы қысқарту тәулігіне 1.66 млн баррельді құрайды.
Бұл ретте әлемдік экономиканың дамуына қатысты нарыққа қатысушыларда пессимистік көңіл-күй сақталуда. Біздің пікірімізше бұл экономикалық статистикамен негізделмеген. Айталық, доллар индексі апта ішінде 0.53 пунктке төмендеді. Банк секторындағы дағдарыс бойынша инвесторлардың қаупі әлі сейілген жоқ. АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен америкалықтардың барлық депозиттері жаппай сақтандырылмайтындығын мәлімдеді. Өйткені бұған дейін бұл мәселе бойынша қарама-қарсы пікір айтылған болатын. Мұндай мәлімдемелер АҚШ-тың ұсақ және орташа банктерінен салымдардың алынуын күшейтуі мүмкін.