Валюта жетілігі (2023.27.02-03.03)

Ақпанның аяғы мен наурыздың басы теңгенің нығаюымен есте қалды. Бұл негізінен ішкі факторларға байланысты болды. Өткен аптада экспорттаушылар түсім ақшаны 295 млн доллар мөлшерінде сатты, ал Ұлттық қордан бюджетке түскен трансферттік түсімдер шамамен 590 млн теңгені құрады. Бұл ретте сыртқы жағдай ұлттық валюта үшін қолайлы болды.

Доллар индексі бір апта ішінде 0.6 п.т.-қа төмендеп, 104.53 пункт деңгейінде жабылды. Апта ішінде индекс Атланта ФРБ президенті Рафаэль Бостиктің мәлімдемесі аясында 105.03 пунктке дейін өсті. ФРБ өкілі базалық мөлшерлемені көтеріп, жыл соңына дейін 5-5.25% деңгейінде ұстап тұру керектігін айтқан болатын.

Мұнай бағасы теңге бағамына қолайлы әсер етті. Бір апта ішінде мұнай бағасы бір баррель үшін 85.8 долларға көтерілді. Бұған негіз болған жағдай – Қытайда коронавирустық шектеулер алып тасталған соң, осы ел тарапынан энергия ресурстарына деген сұраныстың артқандығы еді. Бұл ретте өткен апта ішінде Bloomberg-тің БАЭ-нің ОПЕК-тен шығуы мүмкін екендігі туралы Bloomberg-тің мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт түсті.

Рубль бағамы ресейлік мұнай экспортының азаюы аясында әлсіреуін жалғастырды. G7 елдері тарапынан қабылданған санкциялар теңіз экспортының 25%-ға қысқаруына әсер етті.

Ұлттық қордан трансферттер жіберу үшін 750-780 млн доллар көлемінде доллар сату жоспары аясында біз теңгенің одан әрі нығаятындығын күтеміз. Алайда БЖЗҚ валюталық үлесті қолдау мақсатында наурызда 200-250 млн доллар мөлшерінде валюта сатып алуды көздеуде. Бұл бағамды қолдауға әсер етері ықтимал.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Валютный еженедельник (27.02-03.03.23) Валютный еженедельник (27.02-03.03.23)
Валюта жетілігі (2023.27.02-03.03) Валюта жетілігі (2023.27.02-03.03)
Weekly Forex Review (02/27/2023-03/03/2023) Weekly Forex Review (02/27/2023-03/03/2023)
Оқуды ұсынамыз
4 Сәуір 2023

4 Сәуір 2023

29 Наурыз 2023