Валюта жетілігі (2023.20.02-24.02)

Өткен аптада теңге салық аптасының аяқталуына қарай әлсіреді. Базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешім теңге бағамын одан әрі әлсіреп кетуден сақтап, керісінше аздап нығаюына мүмкіндік берді. Ал сыртқы жағдай бірмәнді болған жоқ.

Жұма күні Доллар индексі 105.2 пунктке дейін күрт өсті. Бұған АҚШ ФРЖ «негізгі мөлшерлемені көтереді-ау» деген ой түрткі болды. Статистикалық деректер де тұтыну шығындары мен инфляцияның өскендігін көрсетіп жатыр. Бұл ретте АҚШ-тың Кливленд қаласындағы Федералды резервтік банкі президентінің мәлімдеуінше жоғары инфляция негізгі мөлшерлемені әрі қарай көтеру керектігін білдіреді.

ФРБ президентінің «қаршығалық» мәлімдемесі мұнай бағасының бір баррелі 80 долларға дейін түсіп кетуіне себеп болды. Алайда нарық Қытайда локдаундар жойылған соң, сұраныстың серпінінің қайта өсетіндігіне үмітпен қарайды және ресейлік экспорттың төмендейтіндігін күтеді. Ол апта соңында мұнай бағасының қымбаттауына себеп болған еді.

Рубль барған сайын әлсіреп барады. Бұл ретте Ресейге қарсы қабылданған 10 пакет санкциялардың іске қосылуы әлсіреудің басты факторына айналды. Ал қосымша фактор ретінде бюджеттің айтарлықтай тапшылығын айтуға болады. Біздің болжам бойынша бағамның серпініне күшті әсер ететін маңызды ішкі уақиғалар болмайды. Сондықтан ағымдағы аптада бағамның салық аптасына дейінгі мәнге дейін түзетілетіндігін күтеміз.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Валютный еженедельник (20.02-24.02.2023) Валютный еженедельник (20.02-24.02.2023)
Валюта жетілігі (2023.20.02-24.02) Валюта жетілігі (2023.20.02-24.02)
Weekly Forex Review (02/20/2023-02/24/2023) Weekly Forex Review (02/20/2023-02/24/2023)
Оқуды ұсынамыз
4 Сәуір 2023

4 Сәуір 2023

29 Наурыз 2023