Соңғы 2 аптада теңге бағамының серпіні көп дәрежеде сыртқы экономикалық факторлардың ықпалында болды. Айталық, жыл басынан бері рекордтық көрсеткішке – бір доллар үшін 466 теңгеге дейін өсіп, апта соңында (24 наурызда) 457 теңгеге дейін түсті. Жалпы теңге бағамының бұлайша әлсіреуін халықтың эмоциялық хал-жағдайымен түсіндіруге болады. Ал ол ғаламдық рецессияның басталуына қатысты жағымсыз болжам жағына ойысты. Бұған банк секторындағы проблемалар себеп болуда.
Дамушы елдердің реттеушілері шұғыл түрде шара қолданып жатқанымен, банк сегментіндегі сенім дағдарысы нарыққа қатысушылардың қорқынышын туғызып, бүкіл әлемдік экономикаға ықпал етуде.
Әлемдік экономиканың жай-күйіне қатысты алаңдаушылық, сонда-ақ жетекші елдердегі орталық банктердің негізгі мөлшерлемелерінің артуы тәуекел-тәбеттің төмендеуіне әсер етеді. Ал оның мұнай бағасына ықпалы күшті болды. Бұл жерде «сұраныс азаяды-ау» деген ішкі сенім мұнай бағасын бір баррель үшін 72.97 долларға дейін түсіріп жіберді. Еске саламыз, бұл 2021 жылдың қарашасынан бергі рекордтық төмендеу. Шикізат бағасының төмендеуі және оларды тұтыну көлемінің азаятындығын тосу экспорттық табыстардың қысқаруына және теңге бағамының әлсіреуіне әкеп соғады.
Ағымдағы жылдың алғашқы 2 айында біз теңгенің әжептеуір нығайғанын бақыладық. Бұған нарыққа қатысушылардың айқынсыздық сейіліп, тәуекелдердің төмендеуіне байланысты оң болжамдары әсер етті. Алайда ғаламдық рецессияның басталу мүмкіндігі туралы болжамның нығая түсуі нарыққа қатысушылардың әсіресе мұнай бағасы мен елде дезинфляциялық үрдістің тұрақтылығына қатысты оң көзқарасын күрт өзгертті.
Бағамның қазіргі ағымдағы даму серпіні біздің базалық болжамға сәйкес келеді, ал артық позитивтің кетуі біздің пікірімізше, базалық экономикалық шарттардың әсері аясында тепе-теңдік бағамды білдіреді. Бағамның ағымдағы серпіні шектен тыс әлсірегендікті білдірмейді. Ал әрі қарай ғаламдық қаржы секторының проблемасын шешу нарыққа қатысушылардың позитивін арттырады. Бұл бағамға оң әсер етеді.