Теңге өткен аптада барлық негізгі валюталарға қатысты нығайды. Бағамға жүргізіліп жатқан салық аптасы оң әсер етті. Бірақ бұл ретте сыртқы жағдаят жағымсыз сипатта қалыптасты.
Доллар индексі АҚШ ФРЖ өкілдерінің мөлшерлемені 50 б.п. -ке көтеру ниеті туралы «қаршығалық» түсініктемесі аясында 103.86 пунктке дейін нығайды. Инфляциялық сипаттағы статистикалық деректер қосымша фактор рөлін атқарды. АҚШ өндірушілерінің бағалар индексі талдаушылардың болжамынан (0.3%) жоғары қалыптасты: 0.7%.
АҚШ ФРЖ өкілдерінің түсініктемелері сондай-ақ мұнай бағасына ықпал етті – олар ақша-несие саясаты қатаңдатылады және доллар нығаяды, деп күтілген болжамдарға байланысты төмендеді. Оның төмендеуіне АҚШ Энергетика министрлігінің елдегі мұнай қоры туралы статистикалық деректері (олар сарапшылардың болжамынан жоғары қалыптасты) де қосымша фактор болды.
Рубльдің АҚШ долларына қатысты бағамы бір апта ішінде 0.5%-ға өсті. Рубль бағамының түзетілуіне РФ Қаржы министрінің федералдық бюджеттің 2023 жылғы негізгі параметрлері (тапшылығы ЖІӨ-нің 2%-ын құрайтындығы күтіледі) сақталатындығы туралы мәлімдемесі аясында орын алды. Өз кезегінде РФ ОБ басшысы ақша-несие саясатының одан әрі қатаңдатылуы мүмкін екендігін жоққа шығармайтындығын жеткізді.
Салық аптасының тиімділігі уақытша ғана сипатқа ие. Апта соңына қарай бағамның өзгеретіндігін күтеміз. Бұған сондай-ақ ҚРҰБ алдағы 24 ақпанда базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі де ықпал етері анық.
Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз