Валюта жетілігі (2023.06.02-2023.10.02)

Өткен аптада теңге нығаюын жалғастырды. Валюта бағамы бір доллар үшін 450.80 теңге көлемінде жабылды. АҚШ ФРЖ төрағасының «Биыл инфляцияның түсетіндігін күтеміз» деген сөзінен кейін доллар индексі өсті. Бірақ ақша-несие саясаты қатаңдатылатыны туралы алып-қашпа әңгімелер әлі де айтылуда.

Brent маркалы мұнай бағасы 8.7%-ға өсіп, жұма күні бір баррель үшін 86.4 доллар көлемінде жабылды. Оған РФ вице-премьері Александр Новактың мұнай өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге қысқарту жоспары туралы айтқан сөзі себеп болды. Сондай-ақ жер сілкінісіне байланысты Түркияның ең ірі мұнай портының уақытша жабылғаны да қосымша болды. Сол арқылы Әзірбайжан мен Ирак мұнайы Еуропа елдеріне тасымалданатыны белгілі.

РФ ОБ базалық мөлшерлемесінің сақталуының және ақша-несие саясатының қатаңдатылу мүмкіндігі туралы «қаршығалық» сигналдың тиімділігі уақытша ғана сипатқа ие болды. Шетел валютасын сату бойынша жаңа бюджеттік ереже де рубль бағамына оң әсер ете алмады.

Барлығын қосқанда жалпы сыртқы ахуал теңге бағамына көбінесе оң әсер етті. Сонымен қатар теңгелік құралдарға деген сұраныстың өсе бастағандығын, сәйкесінше нарықта валюта ұсынысы жоғарылағанын байқаймыз. Салық аптасының басталуы да теңге бағамының серпініне оң әсер етеді. Алайда ол уақытша ғана сипатқа ие болады.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Валютный еженедельник (06.02-10.02.2023) Валютный еженедельник (06.02-10.02.2023)
Валюта жетілігі (2023.06.02-2023.10.02) Валюта жетілігі (2023.06.02-2023.10.02)
Weekly Forex Review (02/06/2023-02/10/2023) Weekly Forex Review (02/06/2023-02/10/2023)
Оқуды ұсынамыз
4 Сәуір 2023

4 Сәуір 2023

29 Наурыз 2023