Qazaqtv: Ұн бағасына қатысты сарапшылардың болжамдары

Қазақстанда ұн бағасының қымбаттауы осы жазда тоқтауы мүмкін. Астық өңдеушілер одағы бағаның шарықтау шегіне жеткеніне және жақын арада өспейтініне сенімді. Айта кетейік, ресми статистика бойынша елімізде ұн бағасы бір жылда 30 процентке дерлік қымбаттаған. Мұндай болжам Ресейдің 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне астық экспортына қойылған шектеулерді алып тастауымен тікелей байланысты. Сала мамандарының түсіндіруінше, біздің нарыққа көрші мемлекеттен арзанырақ астық түссе, отандық бидайдың бағасы өспейді. Және тиісінше нарықтағы шиеленіс те басылады.

Дегенмен, Jusan Analytics сарапшылары астық өңдеушілердің болжамымен келіспейді. Олар бұл тауар тобының бағасы әлі де өсетінін алға тартады. Атап айтқанда, 2022 жылы күтілетін астық өнімінің тапшылығына байланысты қымбатшылықтан құтылмаймыз дейді сарапшылар. Бұл ретте жарма құнының ет, сүт, ұн және нан өнімдерін өндіруге тікелей әсер ететінін ескерсек, аталған өнімдердің де бағасы көтерілуі әбден мүмкін.

Ақпарат көзі: qazaqtv.com/kk/news/business/21630-un-bagasyna-katysty-sarapshylardyn-bolzhamdary

Оқуды ұсынамыз
17 Наурыз 2023

16 Наурыз 2023

7 Ақпан 2023