Ислам банкингі

Қысқаша тұжырымдар

Ислам банкингі – көрсетілетін қаржылық қызметтердің тез дамып келе жатқан сегменті. Бұған әлемде мұсылман халықтар санының артуы және банк әлеміне заманауи технологиялардың енуі септігін тигізуде. Діни негізге қарамастан, ислам банктері де дәстүрлі банктер секілді өздерінің пайдаларын еселендіруге тырысады.

Ислам банктерінің жұмыс істеу қағидалары көптеген замуанаи қаржы институттарына жақсы жағынан үлгі бола алады: мақсат – жанталасып, тек пайда табу ғана емес, сондай-ақ адамдар мен қоршаған ортаға залал келтірмей әділ әріптестік, іскерлік қарым-қатынас орнату.

Қазақстанда ислам банктері әжептеуір өсімге қол жеткізгенімен, шынын айту керек, олар әлі дамудың бастапқы сатысында келеді. Осыған байланысты біз бұл жұмыста жекелеген елдердің даму модельдерін қарап, елімізде ислам банкингін дамытуға септігін тигізеді-ау деген негізгі тетіктерді белгіледік.

Қазақстанда ислам банкингінің әлеуеті өте жоғары және ол әлі толық дамымаған: елде халықтың басым бөлігі ислам дінін ұстанады, ал бұл ретте ислам банктерінің өнімдері халық пен бизнестің ағымдағы қажеттіліктеріне толығымен сәйкес келеді деуге болады.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Исламский банкинг Исламский банкинг
Ислам банкингі Ислам банкингі
Islamic Banking Islamic Banking
Оқуды ұсынамыз
20 Қаңтар 2023

Jusan Analytics 7 ғалами үрдістері белгіледі

9 Қаңтар 2023

Jusan Analytics командасы жылдың экономикалық қорытындысын шығарды және 2022 жылдың 5 негізгі уақиғаларын айқындады

13 Қазан 2022

Өткен 10 жылдықта тұтыну нарығы «бэби бумерлердің» дүниетанымына бейімделіп келген еді. Ендігі 10 жылдықта нарық әлемді көз алдына смартфонсыз елестете алмайтын «цифрлық ұрпаққа» бейімделетін болады.